19:10 30 Қараша 2021
Тікелей эфир
  • USD433.74
  • EUR489.52
  • RUB5.78
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
51 0 0

Мальм зорлық шаралары ретінде газ және мұнай корпорацияларының топ-менеджерлерін кепілге алуды ұсынады

НҰР-СҰЛТАН, 18 қазан — Sputnik. Америкалық ықпалды БАҚ "Газ құбырын қалай жаруға болады" деген кітап пен оның авторы Андреас Мальм жайлы жиі жаза бастады. Бұл өте қызықты кейіпкер. Оның қай уақытта дүниеге келгені туралы нақты мәлімет жоқ – қазір оның жасы 43 пен 46 аралығында.

Мальм – швед социалистік (IV Интернационал құрамына кірген) партиясының ардагері, Лунд университетінің доценті, әлемдік революция мен "эко-ленинизм 2.0" құруға үндейтін экстремист-эколог, деп жазды РИА Новости.

Жалпы Еуропада "барлығын жару, тартып алу, бөлісу" жайлы кітап жазатындар өте көп. Әйтсе де дәл осы Мальмды бұқаралық медиа тез арада жұлдызға айналдырып жіберді.

Мальм өзінің экология үшін күресін Стокгольмнің дәулетті адамдар тұратын ауданынан достарымен бірге келіп, кейде "паркетинг" деп те аталатын қымбат джиптердің дөңгелектерін тесуден бастаған. New Yorker интеллектуалды журналына берген сұхбатында Мальм бұл диверсия жайлы толығырақ айтып берген.

200-шы жылдардың басында "экологтар" Швецияда бірнеше мыңдаған паркетингті зақымдады. Сол шақтан бері бұл жаппай сәнге айналды. Ауа тазалығы үшін бұзақылық әдіспен күресушілер Лондоннан Лос-Анджелеске дейін дәулеттілер орамындағы қымбат көліктерді сырып, шиналарын тесуде.

Алайда Мальмның швед олигархтарының ұшақтары мен жеке яхталарына зақым келтіруге дауаламағаны қызық. Себебі ол мұның арты түрмеге жабылумен аяқталатынын сезген секілді. Бірақ Мальм мен оның жолдастарына қарсы бірде-бір іс қозғалған жоқ.

"Дәл осы кезде Ал Гор бізге қызығушылық танытты", - дейді "эколог".

Америкалық саясаткер және инвестор түрлі жасыл бастамалардың арқасында жүздеген миллион доллар табыс тапты. Мальм Швецияда бұзақылықпен айналысып жатқан кезде Нобель сыйлығының лауреаты және экология үшін күресуші Ал Гор өзінің досы Генрик Фискердің қымбат электроавтомобильдер шығаруға арналған фирмасы үшін кредит іздестіріп жүрді.

Ал паркетингтерге қарсы науқан, қоғамдағы шу қаражаты бар азаматтардың электрокарларға назар аударуына себеп болды. Жарты миллиард долларды құрайтын кредит тез арада табылды. Алайда электрокар бойынша идея жүзеге аспады. Fisker-ге банкрот қаупі төнгенімен Гор басқа жаңа бизнеспен айналысты.

Мальма сол шақтан бері элиталы аудитория назарында болып, оның кітаптары әлем тілдеріне аударылып, оған оң рецензия берілді. Ол тіпті ашық түрде қылмыстық қудалауға жататын әрекеттерге шақырған сәтте де интеллектуалды истеблишмент оның бұл көзқарасын насихаттап жүрді.

Мальм зорлық шаралары ретінде газ және мұнай корпорацияларының топ-менеджерлерін кепілге алуды ұсынады. Адамдар құрбан болмайтындай етіп инфрақұрылымды бұзуды үндейді. Сонымен қатар мұнай және газ құбырларын жаруды насихаттайды. Эколог-анархист мұны "интеллигентті іріткі" деп атады.

"Бірақ газ құбырындағы кез келген апат газ бағасының күрт қымбаттауына алып келеді. Ал бұл ең алдымен кедей адамдарға салмақ түсіреді", - деп сауал қойды New Yorker журналисі.

Бірақ Мальм "адамдар үшін де, экономика үшін де қауіп бар екені рас. Бірақ іріткі актісі уақыт бойынша климат өзгеруімен сәйкес келсе, халық бізді қолдайды деп ойлаймын" деген пікір білдірді.

Еуропалықтардың немерелері дәулетті өмір сүруі үшін Мальм олардың қазір кедей өмірге қадам басуын ұсынады. Сонымен қатар Мальм қазіргі нарықтағы жағдайды құптап отыр. Ол "нашар" газ бағасының өсуі еуропалықтар оны сатып алудан бас тартып, жасыл энергияға көшуіне ықпал етеді деп санайды.

Бір қызығы, дағдарыс кезінде дәл осы Ал Гор табыс көріп отыр. Газ бағасының он есе қымбаттауы салдарынан Ұлыбританияда компаниялар – электр энергиясын жеткізушілер жаппай банкротқа ұшырай бастады. Ал Гор дәл осындай компаниядағы 13 проценттік үлесті сатып алды. Бұл дер кезінде жасалған тиімді сауда болып отыр.

Яғни энергетика дағдарысы америкалық компанияларға британ нарығына кіруге және жергілікті компанияларды ығыстыруға мүмкіндік берді. Экожауынгерлердің шулы акциялары мен даулы мәлімдемелері назарды басқа бағытқа бұратын "алдамшы фактор" болды.

Англияны америкалық капиталдан құтқару енді мүмкін емес. Бірақ бұл жағдайды түзетуге болады. Континентальді Еуропа "Солтүстік ағын – 2" арқылы өзіне газ жеткізе алады. Алайда экодиверсанттар бұл жағдайға да дайындалған болуы мүмкін.

Айта кету керек, Федералды тергеу бюросы Greenpeace, PETA бірқатар өкілі мен басқа да экоқорғаушылар мен экожауынгерлерді қауіпті террористер тізіміне бұрыннан енгізген.

Оқи отырыңыз: 

Тақырып бойынша

АҚШ мемлекеттік хатшысы орынбасарының Ресейге келу себебі белгілі болды
АҚШ әскердегі жасанды интеллект технологиясына басымдық беріп отыр
АҚШ сенаторлары Ресейді терроризм демеушілері қатарына қосуды ұсынды
Терроризм үшін жаза: "жан-жақты" қаталдану
Кілт сөздер:
экология, Ресей, терроризм
Загрузка...

Басты тақырып