Әлем

10 жыл бұрын әкесін өлтірген: түрмеден шыққан ер адам анасын пышақтап тастады

© Sputnik / Murad OrujovНож в руке мужчины, архивное фото
Нож в руке мужчины, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мас күйінде өз анасын өлтірді деген күдікке ілінген ер адам тергеу аяқталғанша қамауға алынды

НҰР-СҰЛТАН, 18 желтоқсан – Sputnik. Әкесін өлтіргені үшін он жылға сотталған Ресейдің Ханты-Мансийск автономды округінің тұрғыны тағы да аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Мас күйінде ұсталған ер адам бұл жолы анасын өлтірген.

Юградағы жантүршігерлік қылмыс туралы Ресейдің тергеу комитетіндегілер айтып берді, деп хабарлайды РИА Новости.

"Тергеушілердің айтуынша, 16 желтоқсанда ер адамға 74 жастағы анасы 2008 жылы әкесін өлтіргені туралы айтқан соң, ашуға бой алдырған ол қарияның кеудесіне ас үй пышағын сұғып алған. Қарт әйел сол жерде жан тапсырған", – делінген хабарламада.

Тергеушілер қылмыс кезінде 47 жастағы ер адамның қатты мас болғанын атап өтті. Арада төрт сағат өткен соң ол полицияға өзі хабарласқан.

"Күдіктінің бір жарым жыл бұрын түрмеден шыққаны анықталды. Ол әкесін өлтіргені үшін 10 жыл бойы жазасын өтеген", – деп хабарлады тергеу комитеті.

Оқи отырыңыз: Павлодарда жазасын өтеуші бір жасар қызын алғаш рет видеобайланыс арқылы көрді

Қазір қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Жаңалықтар
0