11:04 23 Қаңтар 2021
Тікелей эфир
  • USD420.71
  • EUR516.13
  • RUB5.65
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
50 0 0

Сонымен қатар, президенттің айтуынша, Ресей коронавирус инфекциясына қатысты проблемаларды абыроймен еңсерді

НҰР-СҰЛТАН, 17 желтоқсан – Sputnik. Ресейде бейсенбі, 17 желтоқсанда президент Владимир Путиннің жыл сайынғы дәстүрлі баспасөз конференциясы өтіп жатыр.

Ресей мемлекетінің басшысы бірінші сұраққа жауап бере отырып, коронавирус пандемиясын өтіп бара жатқан жылдың басты проблемасы деп атады.  

"Барлығы айтып жүрген басты проблема коронавирус пандемиясы болды. Бұл проблема өмірдің барлық саласында із қалдырды. Локдаун енгізіліп, тасымал мен жұмыс орындары қысқарды, табыс төмендеді", - деді Владимир Путин.

Ол Ресей проблемаларды абыроймен еңсергенін атап өтті.  

Оның айтуынша, Ресейдің жалпы ішкі өнімі 3,6%-ке төмендеген. Бұл Еуропа Одағының барлық дерлік жетекші елдерімен және АҚШ-пен салыстырғанда аз.

Пандемия кезіндегі Путиннің баспасөз конференциясы

Биыл коронавирус пандемиясына байланысты Ресей президенті Владимир Путиннің дәстүрлі баспасөз конференциясы ерекше форматта өтіп жатыр. Ол өзі Ново-Огареводағы резиденциясында, журналистер мен фотографтар бірнеше баспасөз орталығында жиналды. Барлығына талап бірдей – міндетті түрде маска мен қолғап киіп, қашықтықты сақтау керек.

Оқи отырыңыз: Пандемия державалар арасындағы сенім дағдарысын ушықтырып жіберді – Тоқаев 

Жыл сайын бір жарым мыңнан астам адам жиналатын Дүниежүзілік сауда орталығының залына 247 журналисті ғана кіргізді. Бұл санитарлық талап.

Орталыққа шетелдік және федералды ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері орналастырылды, Мәскеуде және өңірлерде журналистерге арналған алаңдар ашылды.

Кілт сөздер:
коронавирус, Владимир Путин
Загрузка...

Басты тақырып