Саясат

Пандемия державалар арасындағы сенім дағдарысын ушықтырып жіберді – Тоқаев

© Photo : Facebook / Берік УәлиПрезидент Казахстана Касым-Жомарт Токаев
Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тоқаев Қазақстан ортақ күш-жігер "барлығы – адамдар үшін" деген игі мақсаттың орындалуына бағытталуы керек деп санайтынын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 10 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясы жаһандық державалар арасындағы сенім дағдарысын одан әрі ушықтырып жіберді деп санайды. Бұл туралы Қазақстан президенті ШЫҰ елдері лидерлерінің онлайн саммитінде айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Тоқаев жиырма жылға уақыт ішінде Шанхай ынтымақтастық ұйымы үлкен жол жүріп өткенін атап өтті. 

"Ұйымның жауапкершілік аймағындағы ахуал айтарлықтай күрделі және терең трансформация үдерісіне енді. Коронавирус әлемдік қауымдастық үшін ауыр сынақ болды, халықаралық ынтымақтастықтың барлық кемшін тұстарын ашып көрсетті. Пандемия жаһандық державалар арасындағы сенім дағдарысын ушықтырып жіберді. Қазіргі превентивті дипломатия мен жанжалды реттеу тетіктері істен шықты", - деді президент ШЫҰ елдері лидерлерінің бейнебайланыс форматында өтіп жатқан саммитінде.

Мемлекет басшысы терроризм, қару-жарақ жарысы, түрлі гибридтік соғыстар, климаттың өзгеруін қоса алғада, қауіпсіздік қатерлері күшейіп бара жатқанын атап өтті. Айтуынша, геоэкономика саласында екі полярлық үрдістің –  жаһандану мен ұлтшылдықтың қақтығысы байқалады. 

"БҰҰ мәліметінше, әлемдік экономика 2020 жылдың қорытындысы бойынша 4,4 процентке төмендейді. Халықаралық туристік ағындар 70 процентке дейін қысқарады. Тікелей инвестициялар ағыны 40 процентке дейін азаяды. Осындай жағдайда біз ШЫҰ-ны азаматтардың мүддесі үшін күрделі шынайылыққа қалай бейімдейміз деген өзекті мәселенің тиімді шешімін табуымыз қажет", - деді Қазақстан президенті. 

Ол Шанхай рухы мен мол тәжірибе түптің түбінде бұл ауқымды міндетті шешуге мүмкіндік беретініне сенетінін жеткізді. 

Тоқаев Қазақстан ортақ күш-жігер "барлығы – адамдар үшін" деген игі мақсаттың орындалуына бағытталуы керек деп санайтынын айтты.

Жаңалықтар
0