Әлем

Путин қандай оқушы болған – Ресей президентінің сыныптастары естеліктерін бөлісті

© Sputnik / Алексей Никольский / Медиабанкке өтуПрезидент РФ В. Путин провел встречу с главой Сбербанка РФ Г. Грефом
Президент РФ В. Путин провел встречу с главой Сбербанка РФ Г. Грефом - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Владимир Путиннің сыныптастары Ресейдің болашақ президентімен бірге оқыған жылдарды еске алды

НҰР-СҰЛТАН, 7 қазан – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин бүгін туған күнін атап өтіп, 68 жасқа толып отыр.

"Комсомольская правда" газетінің тілшісі Ресейдің қазіргі лидерімен кезінде мектепте бірге оқыған сыныптастарымен әңгімелесіп, Путиннің қандай оқушы болғанын білуге тырысты. Олар Ресей президентінің бұрын қандай болғанын, осы жылдар ішінде қалай өзгергенін айтты.

Ресей лидерімен кезінде бірге оқыған сыныптасы Светлана Потапчук Владимир Путиннің әрдайым сыртқы келбетімен ерекшеленгенін еске алды.

"Үтіктелген көк жейдесі мен қара пиджагін киіп, галстугін тағып, әрдайым ұқыпты жүретін еді", - дейді Светлана Потапчук.

Оның айтуынша, Путин сабақ кезінде тарих, неміс тілі пәніне, әдебиетке айрықша ден қойған. Шығарманы жақсы жазған. Бір күні мұғалім оның жазған бір шығармасын радиоға жіберген. Ол неміс тіліне де жетік болған.

"Оның өте жанашыр адам болғаны есімде қалыпты. Уақыты тапшы болатын. Барлық бос уақытын жаттығуларға және күрес жарыстарына арнайтын", - дейді президенттің тағы бір сыныптасы Анна Киселло (бұрынғы тегі Михайлова).

Алайда Владимир Путин мектепте өзі орындаған тапсырмаларды ешкімнің көшіріп алуына рұқсат бермеген екен.

"Қыздар оның ақылын өте жоғары бағалады. Бірақ ол ешкімге айрықша назар аударған емес", - деді Светлана Потапчук.

Владимир Путин мектепте оқып жүргенде барлаушы болуды армандаған.

"Ол сол кездің өзінде саяси сауатының барын байқатқан. Путин бұған өте шебер еді. Қазір мен оның барлық адамға қалай ұғынықты тілмен түсіндіретініне көз жеткізіп келемін. Мұның бәрі мектептен бері қалыптасқан", - дейді сыныптасы.

Владимир Путин үшін ерекше адам – оның дзюдодан жаттықтырушысы Анатолий Рахлин. Ол шәкірттерінен күресте ғана емес, мектеп бағдарламасы бойынша да жақсы жетістіктерге жетуін талап еткен екен. Оқушылардың алған бағаларын да өзі тексеріп отырған.

Алғашқы президенттік мерзімнің алдында Анатолий Рахлин Владимир Владимировичке: "Шабуылға шыққанда – қорған, қорғанған сәтте – шабуылда" деп кеңес берген екен.

Оқи отырыңыз: Путин коронавирусқа қарсы вакцина салдырған қызының жағдайы туралы айтты

Ресей лидерінің сыныптастары Путиннің бұрын да "дәл қазіргідей" қалжыңдасқанын еске алды.

Жаңалықтар
0