Әлем

Путин коронавирусқа қарсы вакцина салдырған қызының жағдайы туралы айтты

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуВакцинация от кори, архивное фото
Вакцинация от кори, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресейлік вакцинаның клиникалық сынақтары 18 маусымда басталды. 38 еріктінің қатысуымен алғашқы сынақтар екпенің қауіпсіз екенін растады

АЛМАТЫ, 10 тамыз – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин COVID-19-ға қарсы алғашқы вакцинаның тіркелгенін жариялады, деп хабарлайды РИА Новости.

"Менің білуімше, бүгін таңертең әлем бойынша жаңа коронавирус инфекциясына қарсы алғашқы вакцина тіркелді",- деді ол үкімет мүшелерімен кездесу кезінде.

Ресей Федерациясы президентінің айтуынша, вакцина тиімді, тұрақты иммунитет қалыптастырады және барлық қажетті тексеруден өтті.

Сонымен қатар Путин қызының коронавирусқа қарсы екпе салдырғанын айтты.

"Қыздарымның бірі осы вакцинаны салдырды. Яғни, ол да экспериментке қатысты. Екпені алғаш салдырғаннан кейін дене қызуы 38 градус болды, келесі күні температурасы 37-ден сәл ғана асты. Кейін тұрақталды",- деді Путин.

Ресей жақын арада коронавирусқа қарсы вакцинаны жаппай шығаруды жоспарлап отыр.

"Жақын арада вакцинаны жаппай шығаруды бастаймыз деп үміттенемін. Ниет білдірушілердің барлығы біздің мамандар мен ғалымдардың жасап шығарған талдамасы және жетістіктерін пайдалана алады", - деді Владимир Путин.

Ал Ресейдің денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко вакцина қауіпсіз екенін көрсеткенін атап өтті. Ресейде алғашқылардың бірі болып вакцина медицина қызметкерлеріне салынады. Олар 2020 жылдың қыркүйегінде екпе салдырты. Ал вакцина 2021 жылдың бірінші қаңтарынан бастап кең қолданысқа ие болады.

Коронавирусқа қарсы вакцинаны әзірлеу

Гамалея орталығында жасалған ресейлік вакцинаның клиникалық сынақтары 18 маусымда басталды. 38 еріктінің қатысуымен алғашқы сынақтар вакцинаның қауіпсіз екенін растады, барлығында инфекцияға иммунитет қалыптасты.

Орталық директоры Александр Гинцбург коронавирусқа қарсы вакцина бәріне бірдей сәйкес келе бермейтінін атап өтті. Кез келген дәріден асқыну пайда болуы мүмкін, сондықтан созылмалы ауруы бар адамдар вакцина салдырмас бұрын мамандармен кеңесуі қажет.

Бұған дейін Ресейде жаппай вакцинация 2020 жылдың қазанында басталады деп жоспарланған болатын. Ал вакцинаны 12 тамызда тіркеледі деп жоспарланды.

Айта кетейік, мамандар препараттың тиімділігін популяциялық иммунитет қалыптасқан кезде бағалай алады.

Жаңалықтар
0