Әлем

Қырғызстанда мемлекеттік төңкеріс дайындағандар ұсталды – қауіпсіздік комитеті

© Sputnik / Табылды КадырбековСитуация в Кыргызстане после парламентских выборов
Ситуация в Кыргызстане после парламентских выборов - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.11.2021
Жазылу
Бұған дейінгі парламент сайлауы 2020 жылдың қазан айында өткен болатын. Оның нәтижесі шыққан соң жаппай наразылықтар басталды

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті билікті тартып алу әрекетінің жолы кесілгенін хабарлады.

Оны бұрынғы шенеуніктер мен қазіргі депутаттар жоспарлаған. Бұл ойды парламент сайлауынан кейін жүзеге асырмақ болған, деп жазады Sputnik Қырғызстан.

"Сайлау қорытындысы жарияланған соң шенеуніктер Бішкекте жаппай митинг өткізуді жоспарлаған. Олар күш құрылымдарымен қақтығыс ұйымдастырып, билікті тартып алмақ болған. Тінту кезінде күдіктілерден қару табылды, 15 адам ұсталды", - делінген хабарламада.

28 қарашада көрші елде парламент (Жогорку Кенеш) сайлауы өтеді. 

Бұған дейінгі парламент сайлауы 2020 жылдың қазан айында өткен болатын. Оның нәтижесі шыққан соң жаппай наразылықтар басталды.

Сол кездегі президент Сооронбай Жээнбеков отставкаға кетті. Дауыс беру нәтижелері жойылды.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0