Әлем

Қазақстандық бизнесмен Қырғызстан президентінің кеңесшісі болып тағайындалды

© Sputnik / Владислав ВодневПортфель чиновника, архивное фото
Портфель чиновника, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.05.2021
Жазылу
"Қазақстан алюминийі" АҚ-ның экс-президенті Алмаз Ибрагимов өз отанында президенттің кеңесшісі болды

НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр – Sputnik. Қырғызстан басшысы Садыр Жапаров қазақстандық кәсіпкер, 72 жастағы Алмаз Ибрагимовты өзінің кеңесшісі етіп тағайындады, деп хабарлады Қырғыз Республикасы президентінің сайты.

Қазақстандық олигарх Қырғызстанның Ыстықкөл облысында туған. "Қазақстан алюминийі" АҚ-ның басшысы болғанға дейін ол Қырғызстандағы "Первое мая" колхозында бас инженер болып жұмыс істеді.

© Photo : Фото с сайта маслихата Павлодарской областиАлмаз Ибрагимов
Қазақстандық бизнесмен Қырғызстан президентінің кеңесшісі болып тағайындалды - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.05.2021
Алмаз Ибрагимов

Павлодар алюминий зауытының президенті (1994 жылдан - вице-президент, 2001 жылдан 2015 жылға дейін - президент) және "Қазақстан электролиз зауыты" АҚ басшысы (2004 жылдан 2015 жылға дейін) болды.

Павлодар облысында Мәшһүр-Жүсіп Көпеев атындағы мешіт, Мәшһүр Жүсіп кесенесі, Православие соборы, Еврей синагогасы, Исабек Ишан хазрет кесенесі секілді діни нысандардың құрылысына үлес қосқан.

"Құрмет" орденімен, мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталған.  

Жаңалықтар
0