Әлем

Атып кеткен: қала көшесінен мектеп мұғалімінің денесі табылды

© Photo : pixabay/soumen82hazraАдамның қолы
Адамның қолы - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2021
Жазылу
Ер адамның денесі кеше, 23 наурыз таңертең табылды. Марқұм күндіз мектепте мұғалім, кешке такси жүргізуші болып жұмыс істеген

НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз – Sputnik. Ош қаласында белгісіз біреулер ер адамды атып кетті. Құқық қорғау органдары Sputnik Қырғызстанға көз жұмған адам № 44 орта мектептің информатика мұғалімі екенін хабарлады.

Газовое отопление в доме в Туркестане, где погибли пять человек - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2021
Өңірлер
Түркістанда 5 адамның денесі табылды: көршісі сол күні не болғанын айтты
Милицияның ақпаратынша, ер адамның мәйітін жергілікті тұрғындар 23 наурыз сағат 8:00-де Кокум Бий көшесіндегі көпқабатты үйдің маңынан тапқан.

Белгілі болғандай, марқұм күндіз информатика мұғалімі, ал кешке такси жүргізуші болып жұмыс істеген.

Оқ ер адамның кеудесіне тиген. Алдын ала мәлімет бойынша, оны бытыралы мылтықпен атып кеткен.

Адам өлтіру фактісі бойынша тергеу басталды, күдіктілер іздестіріліп жатыр.

Жаңалықтар
0