Өңірлер

Түркістанда 5 адамның денесі табылды: көршісі сол күні не болғанын айтты

© Photo : МЧС Республики КазахстанГазовое отопление в доме в Туркестане, где погибли пять человек
Газовое отопление в доме в Туркестане, где погибли пять человек - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2021
Жазылу
Әйел базарда жұмыс істеген, 27 ақпанда жұмысқа шықпаған. Әріптесі уайымдап, баласын көріп келуге жіберген. Алайда баласы үйінде ешкім жоқ екенін айтқан

АЛМАТЫ, 2 наурыз – Sputnik. Түркістан қаласында газдан уланған бір үйдің бес адамын тапқан көршісі сол күні не болғанын айтып берді. Түркістандықтың айтуынша, әйел есік алдында жатқан, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.

"Әйел есік алдындағы ыдысқа құсқан, сол жерде қалып кеткен. Екі үлкені сол бөлмеде жатыр. Кішкентай қызы арғы бөлмеді, бір кішкентай баласы бергі бөлмеде жатыр. Күйеуі көбіне құрылыста жүреді. Бұл кісі базарда жұмыс істейді, әйтеуір бала-шағаның қамы. Үлкен баласы студент, екеуі оқиды. Кішкентайы балабақшада", - дейді көршісі Кенжебай Мақұлбеков.

Сол күні отағасы Шымкент қаласында болған.
Марқұмдардың денесі сот-медициналық сараптамадан өткен соң, туыстарына табысталды. Олар Қызылорда облысындағы туған ауылына жерленді.

Айта кетейік, бұған дейін қайғылы жағдайдың 26 ақпан кешкі жеті шамасында болғаны хабарланды.
Әйел базарда жұмыс істеген, 27 ақпанда жұмысқа шықпаған. Әріптесі уайымдап, баласын көріп келуге жіберген. Алайда баласы үйінде ешкім жоқ екенін айтқан. Жұмыстан кейін әйел күйеуін жіберген. Ол үй ішінде жарық жанып тұрғанын көрген. Содан кейін әйелдің жерде жатқанын көріп, жағдайды хабарлаған.

Отбасы үш бөлмелі үйде тұрған. Жанында үлкен үйдің құрылысы жүріп жатыр. Жергілікті демеушілер қара жамылған отбасыға 7 миллион теңге көмек бермек.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев әкімдерге газ кірген жердің барлығын тексеруді тапсырды. Себебі отбасы табиғи газды үйге кіргізген кезде талаптардың сақталмауы салдарынан көз жұмған болуы мүмкін.

"Жеке тұрғын үй табиғи газбен жабдықталған. Үй ішінде ирандық пештің орнатылғаны анықталды. Алғашқы болжам бойынша олар газдан уланып қайтыс болған", - деді облыстың төтенше жағдай департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісов.

Айта кетейік, бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Әбдуғани Сейдуәлиевтің айтуынша, ҚК 292-бабы 3-бөлігі ("Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу") бойынша іс біріңғай тізімге тіркелді.

Өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама белгіленді. Пештің талапқа сай немесе сай еместігін анықтау үшін сот-техникалық сараптама жасалады.

Жаңалықтар
0