https://sputnik.kz/20261129/mugedektigi-bar-azamattarga-saylauda-dauys-beruge-qanday-zhagday-zhasaldy-68923769.html
Мүгедектігі бар азаматтарға сайлауда дауыс беруге қандай жағдай жасалды
Мүгедектігі бар азаматтарға сайлауда дауыс беруге қандай жағдай жасалды
Sputnik Қазақстан
Денсаулық жағдайына байланысты сайлау учаскесіне келе алмайтын азаматтар үйінде дауыс бере алады 29.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-29T12:41+0500
2026-11-29T12:41+0500
2026-11-29T12:43+0500
сайлау
мәслихат
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/1d/68923979_0:0:1600:900_1920x0_80_0_0_23b12cb53444db0a4c42a42c8d706d87.jpg
АCТАНА, 29 қараша - Sputnik. Қазақстанда мәслихат депутаттарының сайлауында 8 672 нысанда орналасқан 9 780 сайлау учаскесінің барлығында мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беруіне жағдай жасалды, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.Сайлау учаскелерінде пандустар, сүйеніш тұтқалар мен тактильді көрсеткіштер орнатылды. Дауыс беру кабиналары мүгедектер арбасын пайдаланатын азаматтарға да қолайлы. Көру қабілеті бұзылған адамдар үшін үлкейткіш әйнектер, қосымша жарықтандыру құралдары мен Брайль қарпімен жазылған ақпарат қарастырылған.Есту қабілеті бұзылған азаматтарға сурдоаудармашылар мен ымдау тілі мамандары көмектеседі."Қостанай қаласындағы №1 мектеп-лицейде орналасқан №21 сайлау учаскесінде есту және көру қабілеті бұзылған азаматтарға арналған арнайы жабдықтар бар. Олардың қатарында портативті бейнеүлкейткіш те орналастырылды. Ал Астанадағы сайлау учаскелерінде 800 волонтер азаматтарға көмек көрсетеді", - дейді еңбек министрлігі.Денсаулық жағдайына байланысты сайлау учаскесіне келе алмайтын азаматтар үйінде дауыс бере алады. Ол үшін дауыс беру күні сағат 12:00-ге дейін учаскелік сайлау комиссиясына жазбаша өтініш беру қажет. Өтініш негізінде комиссияның екі мүшесі тасымалды дауыс беру жәшігімен сайлаушының үйіне барады.
https://sputnik.kz/20261129/maslikhat-deputattarynyn-saylauy-qazaqstandyqtardyn-1231-y-dauys-berdi-68915722.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/1d/68923979_200:0:1400:900_1920x0_80_0_0_396a6ff232157616a3948da4a0b2fc8a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сайлау, мәслихат
Мүгедектігі бар азаматтарға сайлауда дауыс беруге қандай жағдай жасалды
12:41 29.11.2026 (жаңартылды: 12:43 29.11.2026) Денсаулық жағдайына байланысты сайлау учаскесіне келе алмайтын азаматтар үйінде дауыс бере алады
АCТАНА, 29 қараша - Sputnik. Қазақстанда мәслихат депутаттарының сайлауында 8 672 нысанда орналасқан 9 780 сайлау учаскесінің барлығында мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беруіне жағдай жасалды, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Сайлау учаскелерінде пандустар, сүйеніш тұтқалар мен тактильді көрсеткіштер орнатылды. Дауыс беру кабиналары мүгедектер арбасын пайдаланатын азаматтарға да қолайлы.
Көру қабілеті бұзылған адамдар үшін үлкейткіш әйнектер, қосымша жарықтандыру құралдары мен Брайль қарпімен жазылған ақпарат қарастырылған.
"Нақты белгілі бір сайлау учаскесінің жабдықталу деңгейімен inva.gov.kz порталындағы "Қолжетімділіктің интерактивті картасы" арқылы алдын ала танысуға болады. Дауыс беру күні еліміз бойынша "Инватакси" қызметі жұмыс істейді. Оның құрамында арнайы жабдықталған көліктерді қоса алғанда, 1,3 мыңнан астам автокөлік бар", - дейді министрлік.
Есту қабілеті бұзылған азаматтарға сурдоаудармашылар мен ымдау тілі мамандары көмектеседі.
"Қостанай қаласындағы №1 мектеп-лицейде орналасқан №21 сайлау учаскесінде есту және көру қабілеті бұзылған азаматтарға арналған арнайы жабдықтар бар. Олардың қатарында портативті бейнеүлкейткіш те орналастырылды. Ал Астанадағы сайлау учаскелерінде 800 волонтер азаматтарға көмек көрсетеді", - дейді еңбек министрлігі.
Денсаулық жағдайына байланысты сайлау учаскесіне келе алмайтын азаматтар үйінде дауыс бере алады. Ол үшін дауыс беру күні сағат 12:00-ге дейін учаскелік сайлау комиссиясына жазбаша өтініш беру қажет. Өтініш негізінде комиссияның екі мүшесі тасымалды дауыс беру жәшігімен сайлаушының үйіне барады.