Астана мен Алматыда алғашқы сайлаушылар дауыс беріп жатыр
07:56 29.11.2026 (жаңартылды: 08:14 29.11.2026)

© Sputnik/Айдана Дайырова
Жазылу
Дауыс беру таңғы сағат 07:00-де басталып, кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады
АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. Астана мен Алматыда алғашқы сайлаушылар дауыс беріп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Елордада 446 сайлау учаскесі өз жұмысын бастаған. Астана қаласы әкімдігінің хабарлауынша, барлық сайлау учаскесінде азаматтардың, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар адамдардың дауыс беруіне қажетті жағдай жасалған. Сонымен қатар денсаулығына байланысты сайлау учаскесіне өздігінен келе алмайтын азаматтар тұрғылықты жері бойынша дауыс бере алады.
Сондай-ақ бүгін Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесінде, қалалық, экспресс және қала маңындағы автобустарда жол жүру тегін. Бұл шара қала тұрғындарының еркін қозғалуына және сайлау учаскелеріне қолжетімділікті арттыруға бағытталған.
Алматыда да таң сәріден бастап қала тұрғындары сайлау учаскелеріне келіп, дауыс беруде. Олардың арасында отбасымен бірге келген азаматтар да бар.
Алғашқы дауыс берушілерге шағын сыйлықтар әзірленген. Сондай-ақ сайлау учаскелерінде интерактивті алаңдар мен тақырыптық фотоаймақтар ұйымдастырылған, деп хабарлады қалалық әкімдік.

Алматыда алғашқы сайлаушылар дауыс беріп жатыр
© Sputnik/Айдана Дайырова
Ерекше қажеттілігі бар азаматтарға дауыс беруге қолайлы жағдай жасау мақсатында қалада 170 инватакси көлігі мен 80 сурдоаудармашы жұмылдырылған.
Сонымен қатар, Алматыда тұрғылықты жері бойынша тіркеуі жоқ азаматтардың дауыс беруіне мүмкіндік беретін бір күндік тіркеу қызметі 41 сайлау учаскесінде жұмыс істеп тұр.

Алматыда алғашқы сайлаушылар дауыс беріп жатыр
© Sputnik/Айдана Дайырова
Бұған қоса, сайлау учаскелерінде электрондық үкімет порталы арқылы тіркелген мекенжай туралы мәліметті онлайн тексеру қызметі қолжетімді. Сайлаушылар тізіміне енбей қалған тұрғындар тіркеу мәліметтерін нақтылау арқылы тиісті тізімге енгізіле алады.

1/4
© Sputnik/Айдана Дайырова
Алматыда алғашқы сайлаушылар дауыс беріп жатыр

2/4
© Sputnik/Айдана Дайырова
Алматыда алғашқы сайлаушылар дауыс беріп жатыр

3/4
© Sputnik/Айдана Дайырова
Алматыда алғашқы сайлаушылар дауыс беріп жатыр

4/4