Жамбыл облысында алимент төлемей жүрген 14 адам жауапқа тартылды

© SputnikМужчина кладет деньги в карман пиджака, иллюстративное фото
Мужчина кладет деньги в карман пиджака, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.11.2026
Жазылу
Сонымен қатар алимент бойынша 3,2 млн теңге берешек өтелді
АCТАНА, 28 қараша - Sputnik. Жамбыл облысында алимент төлемей жүрген 14 ер адам жауапқа тартылды, деп хабарлады өңір прокуратурасы.

"Атқарушылық құжаттардың талаптарын орындамағаны үшін 14 борышкер ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Оның ішінде 8 тұлға әкімшілік қамаққа алынса, 6 тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды", - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, прокуратураның араласуынан кейін алимент бойынша 3,2 млн теңге берешек өтелді.

Талас ауданының прокуратурасы қадағалау қызметі барысында аудан тұрғынының кәмелетке толмаған баласын асырауға арналған алименттік міндеттемелерін ұзақ уақыт бойы орындамай жүргенін анықтады.
Атап айтқанда, 2023 жылдан бері алимент бойынша берешек 3,2 млн теңгені құраған. Борышкердің өзіне жүктелген міндеттемелерді орындауға мүмкіндігі бола тұра, берешекті өтеу бойынша тиісті шаралар қабылдамағаны анықталды.
Аудан прокуратурасының бастамасымен борышкерге қатысты ҚК-нің 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Тергеп-тексеру барысында борышкер өз кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінетінін білдіріп, берешекті толық көлемде өтеді және алдағы уақытта алименттік міндеттемелерін тиісінше орындауға міндеттенді.
Осыған байланысты рақымшылық жасау актісінің қолданылуына орай қылмыстық іс тоқтатылды.
Сонымен қатар, прокуратураның бастамасымен алимент бойынша тағы бір борышкерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Берешектің толық өтелуіне және жәбірленуші тараппен татуласуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды.
Ақша - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2026
Астанада борышкерлер алимент төлемес үшін 26 млрд теңге көлеміндегі табысын жасырған
Жаңалықтар
0