Шығыс Қазақстан облысына Ресейден 200-ден астам асыл тұқымды қашар жеткізілді

© Photo : Ауыл шаруашылығы министрлігіШығыс Қазақстан облысына Ресейден 200-ден астам бас асыл тұқымды қашар жеткізілді
Шығыс Қазақстан облысына Ресейден 200-ден астам бас асыл тұқымды қашар жеткізілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.11.2026
Жазылу
Бұл – асыл тұқымды малдың екінші партиясы
АСТАНА, 28 қараша - Sputnik. Шығыс Қазақстан облысындағы тауарлы-сүт фермасына Ресейден голштин-фриз тұқымды 221 бас қашар жеткізілді, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Бұл – асыл тұқымды малдың екінші партиясы.
"Мал 1 075 бас сауын малға арналған ферманың өндірістік қуатын қамтамасыз ету мақсатында сатып алынған", - дейді министрлікте.
© Photo : Ауыл шаруашылығы министрлігіШығыс Қазақстан облысына Ресейден 200-ден астам бас асыл тұқымды қашар жеткізілді
Шығыс Қазақстан облысына Ресейден 200-ден астам бас асыл тұқымды қашар жеткізілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.11.2026
Шығыс Қазақстан облысына Ресейден 200-ден астам бас асыл тұқымды қашар жеткізілді
Министрлік мәліметінше, бұған дейін, 30 қыркүйекте, шаруашылыққа 224 бас малдан тұратын алғашқы партия жеткізілген болатын. Осылайша, бүгінде фермадағы асыл тұқымды мал саны 445 басқа жетті.
Мұндай жобалар отандық сүт өндірісін ұлғайтуға, өңдеу кәсіпорындарының шикізат базасын нығайтуға және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосады.
Солтүстік Қазақстан облысына Ресейден 400 бас гольштейн сиыры жеткізілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.11.2026
Солтүстік Қазақстан облысына Ресейден 400 бас гольштейн сиыры жеткізілді
Жаңалықтар
0