Қарағандыда 5 мың үйге газ берілді

© Photo : Акимат АстаныГаз плитасы
Газ плитасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.11.2026
Жазылу
Тағы 1 мектепті, 5 балабақшаны, 2 медициналық мекемені және 4 спорт секциясын газдандыру жоспарланған
АСТАНА, 28 қараша - Sputnik. Қарағандыда 5 мың үйді газға қосу мүмкіндігі қамтамасыз етілді, деп хабарлады Энергетика министрлігі.
Қарағандыда Таугүл және Күнгей шағын аудандарын газдандыруға арналған газ тарату желілерінің құрылысы аяқталды. Жобаның кезекті кезеңі аясында 201 шақырым газ құбыры тартылып, 4 газ реттеу пункті және 44 шкафтық газ реттеу пункті орнатылды.
"QazaqGaz Aimaq" АҚ Қарағанды өндірістік филиалының белсенді қатысуымен жүзеге асырылған жобаның нәтижесінде 4 940 жеке тұрғын үйді табиғи газға қосу мүмкіндігі қамтамасыз етілді.
"Сонымен қатар газ тарату желісіне әлеуметтік және қоғамдық нысандарды қосу көзделген. Атап айтқанда, 1 мектепті, 5 балабақшаны, 2 медициналық мекемені және 4 спорт секциясын газдандыру жоспарланған", - деп жазылған хабарламада.
Жалпы биыл Энергетика министрлігі елді мекендерді газдандыру бойынша 40 жобаны іске асырып жатыр. Осының арқасында биыл тағы 36 мыңға жуық тұрғын табиғи газға қол жеткізеді деп күтіліп отыр.
Жыл соңына дейін халықты газдандыру деңгейі 64,5 пайызға жетіп, 13,2 млн азамат табиғи газды пайдалану мүмкіндігіне ие болады.
Газификация Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2026
6 жылда 4 млн қазақстандық табиғи газға қол жеткізді
Жаңалықтар
0