Мәслихат депутаттарының сайлауы алдындағы тыныштық күні - заңның негізгі талаптары қандай

© Sputnik / Абзал Калиевсайлау учаскесі
сайлау учаскесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.11.2026
Жазылу
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 102-бабы бойынша тыйым салынған кезеңде үгіт жүргізгені үшін жауапкершілік қарастырылған
АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. Бүгін – мәслихаттар депутаттарын сайлау алдындағы тыныштық күні. Бұл күні үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынған. Sputnik Қазақстан заңның негізгі талаптарын ұсынады.

Үгіт-насихат материалдары өз орнында қалады

Сайлау туралы конституциялық заңға сәйкес, сайлау алындағы күн тыныштық күні болып саналады. Бұл күні үміткерлердің үгiт-насихаты толығымен тоқтатылады.
"Дауыс беретiн жайлардан басқа жерлерде бұрын iлiнген баспа үгiт материалдары, плакаттар бұрынғы орындарында сақталуы мүмкiн", - делінген заңда
Демек, сайлау комиссияларының үй-жайынан және дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерлерде бұрыннан ілулi тұрған баспа үгiт материалдарын сол орында қалдыруға болады.
Ал интернет сайттарда бұған дейін жарияланған материалдар да бұрынғы жерде тұруы шарт. Оны жоғары жаққа көтеруге немесе басты бетке шығаруға болмайды.

Заң бұзғаны үшін қандай жаза қарастырылған

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 102-бабы бойынша тыйым салынған кезеңде үгіт жүргізгені үшін жауапкершілік қарастырылған:
жеке тұлғаларға – 15 АЕК (2026 жылы 64 875 теңге);
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 20 АЕК (2026 жылы 86 500 теңге);
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 25 АЕК (2026 жылы 108 125 теңге);
ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 35 АЕК (2026 жылы 151 375 теңге).
Айта кетері, 29 қарашада, яғни, дауыс беретін күні де үгіт жүргізуге тыйым салынған.

Бірнеше бюллетень беріледі

Мәслихаттар сайлауында дауыс беру үшін төрт түрлі бюллетень болады.
Көгілдір бюллетень – Астана, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының партиялық тізімдер бойынша сайлауына арналған бюллетень;
Жасыл бюллетень – Астана, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша дауыс беруге арналған бюллетень;
Күлгін бюллетень – облыстық маңызы бар қалалар мәслихаттарының бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша дауыс беруге арналған бюллетень;
Қызғылт сары бюллетень – облыстық маңызы бар аудандар мәслихаттарының бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша дауыс беруге арналған бюллетень.
Мәселен, Астанада сайлаушыларға екі бюллетень – көгілдір және жасыл беріледі. Екеуінде де "Барлығына қарсы" деген нұсқа қарастырылған.

Партиялардың кезегі қандай

Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясының отырысында өткізілген жеребе нәтижесінде дауыс беру бюллетеньдеріндегі саяси партиялардың орналасу реті анықталған болатын:
"Ауыл" партиясы;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия;
Қазақстанның Халық партиясы;
Respublica партиясы;
"Ақ жол" демократиялық партиясы;
Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясы;
"Әділет" партиясы.
Партиялық тізімнен бөлек бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша ұсынылған үміткерлер бар. Олардың аты-жөні бөлек бюллетеньде жазылады.

Учаскені қалай білуге болады

Сайлаушылар өздерінің қай учаскеде дауыс беретінін бірнеше жолмен біле алады:
sailau.astana.kz ресми сайты арқылы;
"Сайлау Астана" Telegram чат-боты арқылы;
109 нөмірі бойынша iKomek бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы.
Сайлау күні әр азамат өз учаскесіне жеке басын куәландыратын құжатымен баруға тиіс.
Выборы в Курултай в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.09.2026
Қазақстанда тағы сайлау өтеді
Жаңалықтар
0