https://sputnik.kz/20261128/almatyda-darigerler-98-zhastagy-patsienttin-zhuregine-kurdeli-operatsiyany-satti-zhasady-68894907.html
Алматыда дәрігерлер 98 жастағы пациенттің жүрегіне күрделі операцияны сәтті жасады
Алматыда дәрігерлер 98 жастағы пациенттің жүрегіне күрделі операцияны сәтті жасады
Sputnik Қазақстан
Заманауи медициналық технологиялардың көмегімен мамандар зақымданған жүрек қақпақшасын кеуде қуысын ашпай-ақ ауыстырған 28.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-28T10:49+0500
2026-11-28T10:49+0500
2026-11-28T10:55+0500
операция
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/1c/68895395_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_5e919729cfc5f309f27cd45fe65c074a.jpg
АCТАНА, 28 қараша - Sputnik. Алматыда Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының дәрігерлері 98 жастағы пациенттің жүрегіне күрделі операцияны сәтті жасады, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі. Операция небәрі 45 минутқа созылып, асқынусыз өткен. Пациентке аорталық стеноз диагнозы қойылған. Бұл – жүрек қақпақшасының тарылуы қан ағымының бұзылуына, жүрекке түсетін жүктеменің артуына және ауыр жүрек жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін ауру.Пациенттің жасы ескеріліп, дәрігерлер заманауи аз инвазивті TAVI технологиясын қолданды. Бұл әдіс жүрек қақпақшасын кеуде қуысын ашпай және жасанды қан айналымы аппаратын қоспай, сан аймағындағы кішкентай тілік арқылы ауыстыруға мүмкіндік береді."Бүгінде біз жасы өте ұлғайған пациенттерге де көмек көрсете аламыз. Олардың өмірін ұзартуға және өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік бар. Бес жыл бұрын осындай операцияны 94 жастағы пациентке, төрт жыл бұрын 96 жастағы пациентке сәтті жасадық. Енді 98 жастағы пациентке де көмектестік", – деді институт басқармасының төрағасы Рүстем Төлеутаев.Операцияның нәтижесі бірден байқалды: жаңа қақпақша толыққанды жұмыс істеп, қан ағымының көрсеткіштері айтарлықтай жақсарды.Қазіргі уақытта пациент дәрігерлердің бақылауында.Операцияны Алексей Колесников, Алмат Қалжанов және Нұржан Теменов бастаған дәрігерлер тобы орындады.Отандық кардиологияда заманауи технологиялардың дамуы жасы ұлғайған пациенттерге да жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік беріп, емдеу мүмкіндіктерін кеңейтуге және олардың өмір сапасын жақсартуға жол ашып отыр, дейді министрлік.
https://sputnik.kz/20261010/qazaqstanda-zhyl-sayyn-15-mynga-zhuyq-narestege-kurdeli-operatsiya-zhasalady-67461313.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/1c/68895395_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_0f1f01f3678a0f462cec1760ae4aee7a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
операция
Алматыда дәрігерлер 98 жастағы пациенттің жүрегіне күрделі операцияны сәтті жасады
10:49 28.11.2026 (жаңартылды: 10:55 28.11.2026) Заманауи медициналық технологиялардың көмегімен мамандар зақымданған жүрек қақпақшасын кеуде қуысын ашпай-ақ ауыстырған
АCТАНА, 28 қараша - Sputnik. Алматыда Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының дәрігерлері 98 жастағы пациенттің жүрегіне күрделі операцияны сәтті жасады, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Операция небәрі 45 минутқа созылып, асқынусыз өткен.
Пациентке аорталық стеноз диагнозы қойылған. Бұл – жүрек қақпақшасының тарылуы қан ағымының бұзылуына, жүрекке түсетін жүктеменің артуына және ауыр жүрек жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін ауру.
Пациенттің жасы ескеріліп, дәрігерлер заманауи аз инвазивті TAVI технологиясын қолданды. Бұл әдіс жүрек қақпақшасын кеуде қуысын ашпай және жасанды қан айналымы аппаратын қоспай, сан аймағындағы кішкентай тілік арқылы ауыстыруға мүмкіндік береді.
"Бүгінде біз жасы өте ұлғайған пациенттерге де көмек көрсете аламыз. Олардың өмірін ұзартуға және өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік бар. Бес жыл бұрын осындай операцияны 94 жастағы пациентке, төрт жыл бұрын 96 жастағы пациентке сәтті жасадық. Енді 98 жастағы пациентке де көмектестік", – деді институт басқармасының төрағасы Рүстем Төлеутаев.
Операцияның нәтижесі бірден байқалды: жаңа қақпақша толыққанды жұмыс істеп, қан ағымының көрсеткіштері айтарлықтай жақсарды.
Қазіргі уақытта пациент дәрігерлердің бақылауында.
Операцияны Алексей Колесников, Алмат Қалжанов және Нұржан Теменов бастаған дәрігерлер тобы орындады.
Отандық кардиологияда заманауи технологиялардың дамуы жасы ұлғайған пациенттерге да жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік беріп, емдеу мүмкіндіктерін кеңейтуге және олардың өмір сапасын жақсартуға жол ашып отыр, дейді министрлік.