Видео

Алматыда бес адамның өмірін қиған өрт: күдікті әйел ұсталды

© Скриншот видео из социальных сетейАлматыда бес адамның өмірін қиған өрт: күдікті әйел ұсталды
Алматыда бес адамның өмірін қиған өрт: күдікті әйел ұсталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.11.2026
Жазылу
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр
АСТАНА, 28 қараша - Sputnik. Алматыда бес адамның қаза болуына әкеп соққан жеке тұрғын үйдегі өрт бойынша күдікті анықталып, ұсталды, деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаменті.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 37 жастағы күдікті әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр.
Еске салайық, қайғылы оқиға 26 қарашаға қараған түні Бостандық ауданында болған. Өртті сөндіру кезінде үй ішінен бес адамның мәйіті табылды. Аталған дерек бойынша қылмыстық істер тіркеліп, арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.
Тергеу барысында полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерделеп, күдікті болуы мүмкін әйелдің жүрген бағытын анықтап, оқиғаның мән-жайын қалпына келтірді.
Тергеу нұсқасына сәйкес, қайғылы оқиғаға жеке бас араздығы негізінде қасақана өрт қою себеп болған.
Алматыдағы тұрғын үй өртеніп, бес адам көз жұмды - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.11.2026
Алматыда тұрғын үй өртеніп, бес адам көз жұмды
Жаңалықтар
0