https://sputnik.kz/20261127/toqaev-pen-putin-zhasandy-intellektini-mengergen-talantty-zhastarmen-kezdesti-68857208.html
Тоқаев пен Путин жасанды интеллектіні меңгерген талантты жастармен кездесті
Тоқаев пен Путин жасанды интеллектіні меңгерген талантты жастармен кездесті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин Жасанды интеллект тақырыбына арналған AI Journey 2026... 27.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-27T08:06+0500
2026-11-27T08:06+0500
2026-11-27T08:17+0500
президент
қазақстан
ресей
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/1b/68854541_0:50:1280:770_1920x0_80_0_0_9f3d312eadf971042309a19524108498.jpg
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин Жасанды интеллект тақырыбына арналған AI Journey 2026 конференциясы аясында жастармен диалог жүргізді, деп хабарлады Ақорда.Қазақстан президенті халықаралық жасанды интеллект олимпиадасында жеңімпаз атанған жасөспірімдерді осынау бірегей форумға қатысу мүмкіндігіне ие болуымен құттықтады.Оның айтуынша, бұл – өз қарым-қабілетіңді әлемге, соның ішінде мемлекеттер басшыларына паш ететін орайлы сәт.Мемлекет басшысы жасанды интеллектінің даму процесі одан әрі үдей түсетінін, сөйтіп әлемнің дамуына айтарлықтай ықпал ететінін айтты.Тоқаев Қазақстан президенті ретінде цифрландыруға және жасанды интеллектіге басым стратегиялық міндет ретінде қарайтынын айтып, сәйкесінше, Қазақстанда тиісті заңдар, нормалар қабылданғанын, яғни жасанды интеллектіні дамытудың заңнамалық-құқықтық негізі жасалғанын жеткізді."Менің түсінігімде, жасанды интеллектінің серпінді дамуы Үкіметке жаңа міндеттер жүктейді. Әлі жасы жиырмаға да толмаған өскелең ұрпақтың баянды болашағы үшін аянбай еңбек етеміз. Өмірлерің алда, келешектің келбетін айқындау Сіздердің қолдарыңызда. Қазақстаннан келген азаматтарды ресейлік достарымызбен, серіктестерімізбен тығыз жұмыс істеп, өркениет жолына бірге қадам басуға шақырамын", – деді президент.Мемлекеттер басшылары мен жастардың сұхбаты сұрақ-жауап түрінде өрбіді. Қазақстан мен Ресей президенттері пікірталасқа қатысушылардың білімге құштарлығы толастамай, жаңа белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.Кездесуге Қазақстан, Ресей және Үндістан елдерінен келген жас таланттар қатысты.
https://sputnik.kz/20261126/toqaev-pen-putin-maskeudegi-zhasandy-intellekt-zhonindegi-konferentsiyaga-keldi-68836173.html
қазақстан
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/1b/68854541_94:0:1186:819_1920x0_80_0_0_4fca91602f0f406c8b52c76d1d3f4d36.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, қазақстан, ресей
президент, қазақстан, ресей
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин Жасанды интеллект тақырыбына арналған AI Journey 2026 конференциясы аясында жастармен диалог жүргізді, деп хабарлады Ақорда.
Қазақстан президенті халықаралық жасанды интеллект олимпиадасында жеңімпаз атанған жасөспірімдерді осынау бірегей форумға қатысу мүмкіндігіне ие болуымен құттықтады.
Оның айтуынша, бұл – өз қарым-қабілетіңді әлемге, соның ішінде мемлекеттер басшыларына паш ететін орайлы сәт.
"Аға буынның парызы – талантты жастардың кәсіби тұрғыдан шыңдалуына жағдай жасау. Бұл, шын мәнінде, мемлекеттік маңызы бар міндет. Біз сіздердің ешқандай қиындықсыз лайықты білім алып, осы күрделі әлемде мемлекеттеріміздің өсіп-өркендеуіне және қауіпсіздігіне өз үлестеріңізді қосу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы жасанды интеллектінің даму процесі одан әрі үдей түсетінін, сөйтіп әлемнің дамуына айтарлықтай ықпал ететінін айтты.
Тоқаев Қазақстан президенті ретінде цифрландыруға және жасанды интеллектіге басым стратегиялық міндет ретінде қарайтынын айтып, сәйкесінше, Қазақстанда тиісті заңдар, нормалар қабылданғанын, яғни жасанды интеллектіні дамытудың заңнамалық-құқықтық негізі жасалғанын жеткізді.
Тоқаев пен Путин жасанды интеллектіні меңгерген талантты жастармен кездесті
Тоқаев пен Путин жасанды интеллектіні меңгерген талантты жастармен кездесті
Тоқаев пен Путин жасанды интеллектіні меңгерген талантты жастармен кездесті
Тоқаев пен Путин жасанды интеллектіні меңгерген талантты жастармен кездесті
Тоқаев пен Путин жасанды интеллектіні меңгерген талантты жастармен кездесті
Тоқаев пен Путин жасанды интеллектіні меңгерген талантты жастармен кездесті
Тоқаев пен Путин жасанды интеллектіні меңгерген талантты жастармен кездесті
Тоқаев пен Путин жасанды интеллектіні меңгерген талантты жастармен кездесті
Тоқаев пен Путин жасанды интеллектіні меңгерген талантты жастармен кездесті
Тоқаев пен Путин жасанды интеллектіні меңгерген талантты жастармен кездесті
"Менің түсінігімде, жасанды интеллектінің серпінді дамуы Үкіметке жаңа міндеттер жүктейді. Әлі жасы жиырмаға да толмаған өскелең ұрпақтың баянды болашағы үшін аянбай еңбек етеміз. Өмірлерің алда, келешектің келбетін айқындау Сіздердің қолдарыңызда. Қазақстаннан келген азаматтарды ресейлік достарымызбен, серіктестерімізбен тығыз жұмыс істеп, өркениет жолына бірге қадам басуға шақырамын", – деді президент.
Мемлекеттер басшылары мен жастардың сұхбаты сұрақ-жауап түрінде өрбіді. Қазақстан мен Ресей президенттері пікірталасқа қатысушылардың білімге құштарлығы толастамай, жаңа белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.
Кездесуге Қазақстан, Ресей және Үндістан елдерінен келген жас таланттар қатысты.