ОСК дауыс беру кезінде фотоға түсу тәртібін түсіндірді

© Sputnik / Владислав ВодневБюллетенб жәшігі
Бюллетенб жәшігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.11.2026
Жазылу
Дауыс беру күні өткеннен кейін ондай материлдарды таратуға қатысты шектеу жоқ
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы 29 қарашадағы дауыс беру кезінде фотоға түсу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Комиссия мүшесі Ляззат Сүйіндік айтуынша, сайлау өтетін күні толтырылған бюллетеньді фотоға немесе бейнежазбаға түсіруге, сондай-ақ, ондай материалдарды таратуға заң бойынша тыйым салынады.

"Сонымен қатар дауыс беретін адамдардың сайлау учаскесінде суретке түсу құқығы шектелмейді. Атап айтқанда, сайлау жәшігінің жанында немесе бюллетеньді жәшікке салу кезінде суретке түсуге болады. Алайда фотосуретте немесе бейнежазбада сайлаушының қай партияға дауыс бергені көрінбеуі тиіс", - деді Сүйіндік комиссияның бүгінгі отырысында.

Ал дауыс беру күні өткеннен кейін ондай материлдарды таратуға қатысты шектеу жоқ.
Бұдан бөлек, сайлау кезінде тек рұқсаты бар ұйымдар ғана сауалнама өткізе алады.
Бюллетень - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.11.2026
Бас прокуратура сайлау алдында қазақстандықтарға ескерту жасады
Жаңалықтар
0