Дәретханаға камера орнатылған: Атырау облысында мыңдаған баланың құқығы бұзылған

112 бағыт бойынша жүретін барлық пойыз бейнекамералармен жабдықталады
112 бағыт бойынша жүретін барлық пойыз бейнекамералармен жабдықталады - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.11.2026
Жазылу
Прокуратура заңбұзушылықтарды анықтап, кінәлілерді жауапқа тартты
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Атырау облысында 4 мыңнан астам баланың конституциялық құқығы бұзылған., деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық прокуратураның ресми сайтына сілтеме жасап.
Прокуратура мәліметінше, Махамбет ауданындағы Ещанов атындағы балалар өнер мектебі 400-ден астам баланың дербес деректерін шетелдік цифрлық платформадағы электронды кітапханада жариялаған.
Ал Жылыой ауданындағы №6 мектепте 2 мыңнан астам оқушының жеке деректері ата-аналарының келісімінсіз мектепке қатысуды есепке алатын бағдарламаға енгізілген.
"Бұдан бөлек, Атырау қаласындағы мектептердің бірінде дәретханаға бейнебақылау камералары орнатылған. Соның салдарынан 1 400-ден астам баланың құқығы бұзылған", – деп хабарлады прокуратура.
Прокуратура заңбұзушылықтарды жойып, балалардың құқықтарын қалпына келтірді. Кінәлілер жауапқа тартылды.
Праздник в Международный день дарения книги провел Русский дом в Усть-Каменогорске - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.06.2026
20 өңірде бала құқығын қорғайтын басқармалар жұмысын бастады
Жаңалықтар
0