Ақтөбе облысында дауылдан зардап шеккендерге жаңа үйдің кілті табысталды

© Photo : Ақтөбе облысының әкімдігі
Жазылу
Алдағы он күн ішінде тағы 42 жаңа баспананың кілтін табыстау жоспарланып отыр
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Ақтөбе облысының Байғанин ауданында жазда болған жойқын дауылдан зардап шеккен 32 отбасыға жаңа үйдің кілті табысталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында дауылдан зардап шеккендерге жаңа үйдің кілті табысталды
© Photo : Ақтөбе облысының әкімдігі
Үйлер облыс әкімдігінің резервінен бөлінген қаражат есебінен салынды. Олардың ауданы бұрынғы үйлердің көлеміне сәйкес келеді.

Ақтөбе облысында дауылдан зардап шеккендерге жаңа үйдің кілті табысталды
© Photo : Ақтөбе облысының әкімдігі
Қарауылкелді ауылының тұрғыны, зейнеткер Тұрсын Мәтекбаеваның айтуынша, жаздың жаймашуақ күнінде мұндай алапат дауыл болады деп ешкім күтпеген.

Ақтөбе облысында дауылдан зардап шеккендерге жаңа үйдің кілті табысталды
© Photo : Ақтөбе облысының әкімдігі
"Дауылы, жауыны, найзағайы – барлығы бірден келді ғой. Не болғанын түсінбедік. Есікті лақтырып жіберді. Үйдің ішін алып, төбедегі шиферді – бәрін ішке лақтырды. Бірақ әйтеуір адам аман болғанына қуандық. Бүгін өте қуаныштымын. Осы игі іске атсалысқан азаматтардың барлығына аналық алғысымды білдіремін", – дейді Мәтекбаева.

Ақтөбе облысында дауылдан зардап шеккендерге жаңа үйдің кілті табысталды
© Photo : Ақтөбе облысының әкімдігі
Биыл 9 шілдеде болған жойқын дауылдың салдарынан Байғанин ауданының Қарауылкелді ауылында 314 үй бүлінген болатын. 220 үйдің иесіне өтемақы төленді. Ал тұруға жарамсыз деп танылған 74 үйдің орнына жаңасы салынды. Алдағы он күн ішінде тағы 42 жаңа баспананың кілтін табыстау жоспарланып отыр.
