Ресми жаңалықтардан бөлек, күлкілі сәттер де аз болмады. Көңілді морждар, ерекше күркетауықтар, би билейтін жержаңғақ және әлемнің әр түкпірінен жеткен қызықты көріністерді Sputnik фотолентасынан тамашалаңыз. Көңіл күйіңіз көтерілсін!
Бұл аптадағы қандай қызықты оқиғалар әлем фотографтарының объективіне ілікті?
Ресми жаңалықтардан бөлек, күлкілі сәттер де аз болмады. Көңілді морждар, ерекше күркетауықтар, би билейтін жержаңғақ және әлемнің әр түкпірінен жеткен қызықты көріністерді Sputnik фотолентасынан тамашалаңыз. Көңіл күйіңіз көтерілсін!
Ұлыбритания королі ІІІ Карл мен патшайым Камилла жыл сайын өтетін Royal Variety Performance эстрадалық шоуынан кейін Род есімді қуыршақпен және оның қуыршақ жүргізушісі Ноа Харрисонмен кездесті.
АҚШ-та 2026 жылғы "Эмми" халықаралық сыйлығын табыстау рәсімінде "Өнер туралы бағдарламалар" аталымында жеңіске жеткен "Талантты мистер Ф." деректі фильмінің түсірілім тобы қуанып жатыр.
Францияда өмір сүру құнының қымбаттауына және полиция зорлық-зомбылығына қарсы наразылық акцияларының алтыншы аптасындағы шеруде басына қорап киген адам жол белгісінің үстінде отыр.