https://sputnik.kz/20261127/almatyda-zhayau-zhurginshiler-zholy-opyrylyp-tusti-akimdik-ne-deydi-68881800.html
Алматыда жаяу жүргіншілер жолы опырылып түсті: әкімдік не дейді
Алматыда жаяу жүргіншілер жолы опырылып түсті: әкімдік не дейді
Sputnik Қазақстан
Жолдың опырылуына жаяу жүргіншілер өткелінің астындағы құбыр диаметрінің талапқа сай келмеуі себеп болған 27.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-27T16:49+0500
2026-11-27T16:49+0500
2026-11-27T16:49+0500
алматы
жаяужол
https://sputnik.kz/img/516/52/5165223_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_ff4d009dd4d6febeef69bcf96735efda.jpg
АЛМАТЫ, 27 қараша – Sputnik. Алматы көшелерінің бірінде жаяу жүргіншілер жолындағы тас төсем опырылып түсті. Осы жағдайға қатысты қалалық әкімдік түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Жароков көшесі мен Бұқар жырау көшесінің қиылысында опырылған жаяу жолдың бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Әкімдіктің мәліметінше, бұл жерде су ағызатын құбыр тартылған.Бұл топырақтың шайылуына, соның салдарынан тас төсемнің шөгіп, бұзылуына әкелген.Мердігер ұйым аталған ақауларды қысқа мерзімде жойып, аумақты қалпына келтіреді.
https://sputnik.kz/20250917/almatyda-kolik-zhuretin-zhol-opyrylyp-qaldy-57126036.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/516/52/5165223_70:0:1211:856_1920x0_80_0_0_e4ed7b44f1450d8ebe627ccff6308cf3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, жаяужол
Алматыда жаяу жүргіншілер жолы опырылып түсті: әкімдік не дейді
Жолдың опырылуына жаяу жүргіншілер өткелінің астындағы құбыр диаметрінің талапқа сай келмеуі себеп болған
АЛМАТЫ, 27 қараша – Sputnik. Алматы көшелерінің бірінде жаяу жүргіншілер жолындағы тас төсем опырылып түсті. Осы жағдайға қатысты қалалық әкімдік түсініктеме берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Жароков көшесі мен Бұқар жырау көшесінің қиылысында опырылған жаяу жолдың бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Әкімдіктің мәліметінше, бұл жерде су ағызатын құбыр тартылған.
"Жаяу жүргіншілер өткелінің астынан өткізілген құбыр диаметрінің талапқа сай келмеуі салдарынан брусчатка төсемі шөгіп, опырылған. Атап айтқанда, қолданыстағы Б-3 үлгісіндегі арық науасы диаметрі кішірек металл құбырға жалғанған. Соның салдарынан нөсер жауын-шашын мол түскен кезде жаңбыр суы жиналып, арнасынан асып төгілген", – деп хабарлады әкімдік.
Бұл топырақтың шайылуына, соның салдарынан тас төсемнің шөгіп, бұзылуына әкелген.
"Бұл аумақты абаттандыру аясында басқарма тек жаяу жүргіншілерге арналған тротуарды жайластыру, оның ішінде брусчатка төсеу жұмыстарын ғана жүргізген. Ал қолданыстағы арық науаларын, металл су өткізу құбырларын және жабық арық жүйелерін жөндеу, ауыстыру немесе қайта жаңарту жұмыстарын басқарма жүргізбеген", – деп түсіндірді қалалық әкімдік.
Мердігер ұйым аталған ақауларды қысқа мерзімде жойып, аумақты қалпына келтіреді.