https://sputnik.kz/20261126/zhedel-zhardem-zhete-almagan-qulsary-turgyny-auyrgan-balasyn-qolarbamen-tasuga-mazhbur-boldy-68841881.html
Жедел жәрдем жете алмаған: Құлсары тұрғыны ауырған баласын қоларбамен тасуға мәжбүр болды
Жедел жәрдем жете алмаған: Құлсары тұрғыны ауырған баласын қоларбамен тасуға мәжбүр болды
Sputnik Қазақстан
Жедел жәрдем тоқтаған жерден үйге дейінгі қашықтық шамамен 600 метр болған 26.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-26T20:35+0500
2026-11-26T20:35+0500
2026-11-26T20:37+0500
атырау облысы
жедел жәрдем
жол
https://sputnik.kz/img/07e8/03/14/43021627_0:164:3059:1885_1920x0_80_0_0_de39baa13ef018fabf94ab6552cfa175.jpg
АЛМАТЫ, 26 қараша – Sputnik. Атырау облысы Құлсары қаласындағы Болашақ шағынауданының тұрғындары 18 жылдан бері жол салынбағанын айтып шағымданды. Оқиғаның мән-жайын Sputnik Қазақстан тілшісі анықтады.Түн ортасында ауырған баласын қоларбамен тасыған ер адамның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Тұрғындардың айтуынша, бір отбасының баласы қатты әлсіреп, ата-анасы жедел жәрдем шақырған. Алайда жаңбырдан кейін көше батпаққа айналғандықтан, жедел жәрдем көлігі үйге дейін жете алмаған. Көлік тоқтаған жерден үйге дейінгі қашықтық шамамен 600 метр болған. Амалсыз қалған ата-ана баласын қоларбамен тасып жеткізген.Sputnik Қазақстан тілшісі оқиғаның мән-жайын Құлсары қаласының әкімдігінен сұрады.Әкімдіктің мәліметінше, қазіргі уақытта "Болашақ" ықшамауданындағы автомобиль жолдарын асфальттау және тротуарлар салу бойынша "Проектстройинжиниринг" ЖШС жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеген.Сонымен қатар құрылыс жұмыстарын жүргізетін мердігерді анықтау үшін 2027 жылдың қаңтар айында мемлекеттік сатып алу конкурсын жариялау жоспарланып отыр.Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау және көлік қатынасын жеңілдету мақсатында 2025 жылы ықшамауданның кейбір көшелеріне асфальт қалдықтары төселген. Биыл да бұл жұмыстар жалғасып, асфальт қалдықтарын төсеу және тегістеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.Жылыой ауданындағы жол инфрақұрылымы қалай дамып жатырЖылыой ауданындағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 625,7 шақырым.Әкімдіктің мәліметінше, 2022 жылы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 47,4%-ды құраған. Ал 2022–2025 жылдары 153,6 шақырым автомобиль жолында құрылыс жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде бұл көрсеткіш 72%-ға, яғни 450,2 шақырымға дейін өскен.
https://sputnik.kz/20261110/almatyda-basqarma-kompaniyaga-iske-asyru-mumkin-emes-zhol-zhobasy-ushin-202-mln-tenge-audargan-68363104.html
атырау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/03/14/43021627_165:0:2896:2048_1920x0_80_0_0_f3f58eb4c6632a6e6ca0712c1e5f26d3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау облысы, жедел жәрдем, жол
атырау облысы, жедел жәрдем, жол
Жедел жәрдем жете алмаған: Құлсары тұрғыны ауырған баласын қоларбамен тасуға мәжбүр болды
20:35 26.11.2026 (жаңартылды: 20:37 26.11.2026) Жедел жәрдем тоқтаған жерден үйге дейінгі қашықтық шамамен 600 метр болған
АЛМАТЫ, 26 қараша – Sputnik. Атырау облысы Құлсары қаласындағы Болашақ шағынауданының тұрғындары 18 жылдан бері жол салынбағанын айтып шағымданды. Оқиғаның мән-жайын
Sputnik Қазақстан тілшісі анықтады.
Түн ортасында ауырған баласын қоларбамен тасыған ер адамның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Тұрғындардың айтуынша, бір отбасының баласы қатты әлсіреп, ата-анасы жедел жәрдем шақырған. Алайда жаңбырдан кейін көше батпаққа айналғандықтан, жедел жәрдем көлігі үйге дейін жете алмаған. Көлік тоқтаған жерден үйге дейінгі қашықтық шамамен 600 метр болған. Амалсыз қалған ата-ана баласын қоларбамен тасып жеткізген.
Sputnik Қазақстан тілшісі оқиғаның мән-жайын Құлсары қаласының әкімдігінен сұрады.
"Құлсары қаласындағы "Болашақ" ықшамауданы – жаңадан бөлінген жер телімдері негізінде қалыптасқан тұрғын алап. Бұл жер телімдері 2006-2007 жылдары жер кезегінде тұрған азаматтарға берілген. Ықшамаудан қаланың шеткі бөлігінде орналасқан. Жаңа игеріліп жатқан тұрғын алап болғандықтан, тұрғындар біртіндеп қоныстанып жатыр", – деп хабарлады әкімдік.
Әкімдіктің мәліметінше, қазіргі уақытта "Болашақ" ықшамауданындағы автомобиль жолдарын асфальттау және тротуарлар салу бойынша "Проектстройинжиниринг" ЖШС жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеген.
"Жоба бойынша биыл 19 мамырда № OEXP-0031/26 мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жобаға сәйкес, жалпы ұзындығы 62,7 шақырым автомобиль жолына асфальт төсеу және тротуар салу көзделген. Жобаның жалпы құны – 14 млрд 447 млн теңге. Қазіргі уақытта жобаны іске асыруға қажетті қаражат бөлу мәселесі бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр", – дейді Құлсары қаласының әкімдігі.
Сонымен қатар құрылыс жұмыстарын жүргізетін мердігерді анықтау үшін 2027 жылдың қаңтар айында мемлекеттік сатып алу конкурсын жариялау жоспарланып отыр.
Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау және көлік қатынасын жеңілдету мақсатында 2025 жылы ықшамауданның кейбір көшелеріне асфальт қалдықтары төселген. Биыл да бұл жұмыстар жалғасып, асфальт қалдықтарын төсеу және тегістеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жылыой ауданындағы жол инфрақұрылымы қалай дамып жатыр
Жылыой ауданындағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 625,7 шақырым.
Әкімдіктің мәліметінше, 2022 жылы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 47,4%-ды құраған. Ал 2022–2025 жылдары 153,6 шақырым автомобиль жолында құрылыс жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде бұл көрсеткіш 72%-ға, яғни 450,2 шақырымға дейін өскен.