Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамп пен НАТО-ның бас хатшысы Украина мен Ирандағы жағдайды талқылады

© Sputnik / СтрингерЗдание МИД Украины в Киеве
Здание МИД Украины в Киеве - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.11.2026
Жазылу
Кездесу барысында Украинадағы жағдайды реттеу жолдары мен НАТО-ның аймақтағы әскери ұстанымы сөз болды
АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп пен НАТО-ның бас хатшысы Марк Рютте Флоридада өткен кездесу барысында Украинадағы және Таяу Шығыстағы қақтығыстарды талқылады. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз пулі таратқан олардың бірлескен мәлімдемесінде айтылған.
"Кездесу өте нәтижелі өтті. Басты тақырып Ресей мен Украина арасындағы соғыс, Ирандағы қақтығыс, сондай-ақ Гаага мен Анкарада өткен саммиттерде бірлесіп қол жеткізген рекордтық жетістіктеріміз болды", – делінген мәлімдемеде.
Рюттенің АҚШ-қа сапары Украинадағы қақтығысты реттеу жөніндегі америкалық бастамалар талқыланып жатқан кезеңде өтіп жатыр.
Бұған дейін Рютте НАТО-ның бірқатар елі, соның ішінде АҚШ әзірге Украинаның альянсқа қосылуын қолдамайтынын мәлімдеген болатын. Сондай-ақ ол НАТО әскерлерін Ресей шекарасына жақын орналастыру туралы шешімді альянсқа мүше мемлекеттердің өздері қабылдайтынын атап өткен еді.
Дональд Трамп пен Владимир Зеленский - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп Украинадағы қақтығысты қаңтар айына дейін тоқтатуды талап етіп отыр - Зеленский
Жаңалықтар
0