Шуда комаға түскен әйел көз жұмды

© Sputnik / Тимур БатыршинНовую быстровозводимую модульную больницу для зараженных коронавирусом пациентов открыли в южной столице
Новую быстровозводимую модульную больницу для зараженных коронавирусом пациентов открыли в южной столице - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.11.2026
Жазылу
Науқастың жағдайы өте ауыр күйде болды
АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. Жамбыл облысында Шу аудандық орталық аурухананың қабылдау бөліміне ауыр халде түскен көпбалалы ана Гүлнәр Мазабекова көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін Sputnik Қазақстан тілшісіне марқұм әйелдің туыстары сұхбат берген болатын. Олардың айтуынша, әйелді онымен 10 жыл бойы бірге тұрған ер адам ұрып-соққан.
"Науқас медицина қызметкерлерінің тұрақты бақылауында болды. Клиникалық көрсетілімдерге сәйкес емдеу және қарқынды терапия толық көлемде жүргізілді. Науқастың жағдайы өте ауыр күйде болды. Дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан науқас қайтыс болды", - деп хабарлайды Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы.
Полицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.11.2026
"Жағдайы өте ауыр": Жамбыл облысында ер адам әйелді ұрып, комаға түсірді
Жаңалықтар
0