Ресей мен Қазақстан Байқоңырда "Союз-5" зымыранын екінші рет ұшыруды талқылады

© Роскосмос / Медиабанкке өтуБайқоңыр ғарыш айлағы
Байқоңыр ғарыш айлағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.11.2026
Жазылу
Екі елдің сарапшылары бірлескен ғарыш жобаларын әзірлеуді талқылады
АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. Сарапшылар "Байқоңыр" кешені бойынша Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының отырысында бірлескен "Бәйтерек" бағдарламасындағы екінші рет ұшуға дайындық жұмыстарын талқылады.
"Бәйтерек" жобасы 2004 жылғы келісім бойынша "Байқоңыр" базасында жүзеге асырылып жатыр. 30 сәуірде "Байқоңыр" ғарыш айлағынан жаңа ресейлік "Союз-5" зымыран тасымалдағыштың алғашқы сынақ ұшырылуы өтті.
© Предоставлено пресс-службой администрации города БайконурРесей мен Қазақстан Байқоңырда "Союз-5" зымыранын екінші рет ұшыруды талқылады
Заседание российско-казахстанской межправкомиссии по комплексу Байконур  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.11.2026
Ресей мен Қазақстан Байқоңырда "Союз-5" зымыранын екінші рет ұшыруды талқылады
"Біз пайдаланылмайтын нысандарды жалға беруден шығаруды, сондай-ақ мүлік мәселелерін, экология мәселелерін, Байқоңыр қаласы мен кешенін жылу және энергиямен жабдықтауды, Байқоңыр қаласының тіршілігін қамтамасыз етуді және оның инфрақұрылымын дамытуды талқыладық", - деп хабарлады Байқоңыр қаласы әкімшілігінің баспасөз қызметі.
Қазақстандық және ресейлік сарапшылар топтары өз жұмыстарын жалғастырып жатыр.
© Предоставлено пресс-службой администрации города БайконурРесей мен Қазақстан Байқоңырда "Союз-5" зымыранын екінші рет ұшыруды талқылады
Заседание российско-казахстанской межправкомиссии по комплексу Байконур  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.11.2026
Ресей мен Қазақстан Байқоңырда "Союз-5" зымыранын екінші рет ұшыруды талқылады
"Бәйтерек" жобасының аясында әзірленген "Союз-5" зымыраны әлемдегі ең қуатты сұйық отынмен жұмыс істейтін зымыран қозғалтқышымен жабдықталған. Зымыран тасымалдағышты "Прогресс" зымыран-ғарыш орталығы құрастырған.
2025 жылдың қарашасында "Союз-5" зымыран тасымалдағышын және "Бәйтерек" кешенін сынау бойынша үкіметаралық комиссия құрылды. Бұған дейін "Роскосмос" басшысы Дмитрий Баканов хабарлағандай, 2027 жылы "Байқоңыр" ғарыш айлағынан екі "Союз-5" зымыран тасымалдағыш ұшырылады.
Байқоңырдан Союз-2.1б зымыраны ұшырылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2026
Байқоңырдан "Союз-2.1б" зымыраны ұшырылды
Жаңалықтар
0