Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Кушнер Украинадағы қақтығысты реттеудегі қиындықтардың бірін атады

© Sputnik / Кристина Кормилицына / Медиабанкке өтуДжаред Кушнер
Джаред Кушнер - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.11.2026
Жазылу
Кушнердің айтуынша, бұған ол жақта нақты басшылық жоқ екені себеп болып отыр
АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. АҚШ президентінің арнайы өкілі Джаред Кушнер Украинадағы қақтығысты реттеу келіссөздеріндегі қиындықтардың бірі ЕО-ның бірыңғай ұстанымын қалыптастыру екенін айтты.
Кушнердің айтуынша, бұған ол жақта нақты басшылық жоқ екені себеп болып отыр.
"Біз тап болған қиындықтардың бірі - Еуропамен өзара әрекеттесуді қалай ұйымдастыру және диалог құру. Онда шынымен де барлығына басшылық ететін ешкім жоқ. Көптеген керемет көшбасшы бар, бірақ олардың барлығының көзқарасы мен мүддесі әртүрлі, ал оларды бірыңғай ұстанымға ие болуға және бір дауыспен сөйлеуге қол жетізу - қиын іс", - деді Кушнер Axel Springer SE неміс медиаконцернінің жетекшісі Матиас Депфнермен сұхбатында.
Оның айтуынша, Еуропа АҚШ президенті Дональд Трамптың келісім бойынша бірлесіп жұмыс істеу туралы ұсынысына жауап ретінде келіссөздер үшін сегіз өкілден тұратын топ тағайындады. Дегенмен ол бұл топқа кім кіретінін нақтыламады.
Кушнер Еуропаның көптеген арандатушылық әрекеті мен мәлімдемесі ұйым өкілдерінің Абу-Дабидегі келіссөздерге қатыспауына әкеп соққанын айтты.
Ресей президенті Владимир Путин 12 қарашада Кремльде АҚШ президентінің елшілері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнерді қабылдады. Мәскеудегі кездесуден кейін Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков еуропалық елдер Украина бойынша келіссөздер процесіне қатысуға тырысып жатқанын, бірақ олар соғысты немесе бейбітшілікті қалайтынын шешуі керек екенін мәлімдеді.
Джаред Кушнер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Кушнер: АҚШ Украина мен Ресейдің қауіпсіздігіне кепілдік беруді көздейді
Жаңалықтар
0