https://sputnik.kz/20261126/bugin-qazaqstanda-zhane-alemde-qanday-mereke-bolady-26-qarasha-68792333.html
Бүгін Қазақстанда және әлемде қандай мереке болады: 26 қараша
Бүгін Қазақстанда және әлемде қандай мереке болады: 26 қараша
Sputnik Қазақстан
26 қараша күні қандай оқиға болады? 26.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-26T00:01+0500
2026-11-26T00:01+0500
2026-11-26T00:01+0500
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
қызықты деректер
https://sputnik.kz/img/1206/11/12061132_58:0:2943:1623_1920x0_80_0_0_7f43fa8ecc41c59a4b37ea605c75ccc0.jpg
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.26 қарашада қандай қызықты оқиға болдыБүгін әлем жұрты халықаралық ақпарат күнін атап өтіп жатыр. Қолында ақпарат бар адам әлемді басқарады! Бұл дана сөздерді танымал магнат Натан Ротшильд айтқан-ды. Оның астарында үлкен мән жатыр, мұнымен ешкім таласпайтыны сөзсіз. Расымен де, тиімді ақпараттың арқасында соғысты тоқтатып, табиғи апатқа дайындалып, ірі жол апатының алдын алуға болады. Бұл күн күнтізбеге алғаш 1994 жылы енгізілді.Сондай-ақ, бүгін халықаралық етікшілер күні. Аяқ киім таңдау — өте маңызды әрі қызықты іс. Себебі, аяқ киім иесі туралы көп ақпарат береді. Әр кез әдемі, ыңғайлы және сапалы аяқ киім сәнде болған. Етікші болу — екінің бірінің қолынан келе бермейтін өнер. Бірнеше ғасырдан бері етікшілік шеберлерге тұрақты табыс әкеліп тұрды. Тіпті, әлемдегі ең керекті мамандықтардың бірі болды десек болады.Мұнымен қатар, бүгін – қалыптасқан тәртіпті бұзатын күн! Яғни бүгін әдеттегі шектеулерден шығып, бір күн болса да, шын қалауыңызша әрекет ететін күн! Таңды жастықпен алысып немесе әдеттегі таңғы астың орнына балмұздақ пен торт жеуден бастауға болады. Бүгін – өз қалауыңызға ерік беретін күн! 26 қарашада әлемде болған тарихи оқиғалар1394 жылы Сеул Кореяның астанасы болды;1917 жылы ұлттық хоккей лигасы құрылды: "Монреаль Канадиенс", "Монреаль Уондерерс", "Оттава Сенаторс", "Квебек Бульдогс" және "Торонто Аренас";1922 жылы британдық археолог Говард Картер мен оның экспедициясы перғауын Тутанхамонның қабіріне 3 мың жылдан астам уақыттан кейін алғаш рет кірді;1948 жылы АҚШ-тың Бостон қаласында алғашқы Polaroid жедел фотокамерасы сатылымға шықты. Оның бағасы 89,75 доллар болды;1965 жылы бірінші франциялық Asterix жер серігі ұшырылды;1976 жылы жаңа Microsoft сауда маркасы тіркелді;1979 жылы Таиф маңында Boeing 707 апатқа ұшырап, 156 адам көз жұмды.2011 жылы NASA-ның Марсты зерттеуге арналған Curiosity ровері бар ғарыш аппараты Флорида штатындағы Канаверал мүйісінен ұшырылды. Ол Марсқа 2012 жылғы 6 тамызда қонды.26 қарашада Қазақстанда болған тарихи оқиғалар1924 жылы "Оңтүстік Қазақстан" газетінің алғашқы нөмірі жарық көрді. Басылымның негізін қалаушылардың қатарында мемлекет қайраткерлері Сұлтанбек Қожанов пен Тұрар Рысқұлов болды;1991 жылы Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Теміртау қаласының құрметті азаматы атағы берілді;1993 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Төле би ауданында үш жүздің басын біріктіруге үлес қосқан Төле биге арналған ескерткіш ашылды;1997 жылы Алматы көшелерінің біріне ғалым Мүслім Базарбаевтың есімі берілді.2005 жылы Қазақстанның танымал "Ұлытау" музыкалық тобы өзінің алғашқы "Жұмыр қылыш" альбомын шығарды;2009 жылы Минск қаласында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко келіссөз жүргізіп, екі елдің арасында бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды;2022 жылы Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімі өтті.26 қарашада дүниеге келген танымал тұлғалар1894 жылы америкалық математик, кибернетиканың негізін қалаушылардың бірі Норберт Винер дүниеге келді;1909 жылы румын-француз драматургі, абсурд театрының көрнекті өкілі Эжен Ионеско дүниеге келді;1922 жылы америкалық карикатурашы, "Peanuts" комиксінің авторы Чарльз Шульц дүниеге келді;1926 жылы цирк әртісі, актриса, РСФСР халық әртісі Маргарита Назарова туды; 1931 жылы аргентиналық құқық қорғаушы, Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты Адольфо Перес Эскивель дүниеге келді;1939 жылы америкалық әнші әрі актриса Тина Тернер туды;1983 жылы ресейлік әнші әрі шоумен Прохор Шаляпин туды.1990 жылы британдық әнші әрі актриса Рита Ора дүниеге келді;1990 жылы ағылшын футболшысы Дэнни Уэлбек дүниеге келді.26 қарашада Қазақстанда кім туды1960 жылы бұрынғы ішкі істер министрі, әділет министрі, Маңғыстау облысының әкімі Бауыржан Мұхамеджанов дүниеге келді;1976 жылы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев дүниеге келді;1983 жылы кәсіпкер, бұрынғы мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров дүниеге келді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1206/11/12061132_419:0:2583:1623_1920x0_80_0_0_2ef3225f36d32ca3a0c7bd3467256b10.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе, қызықты деректер
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе, қызықты деректер
Бүгін Қазақстанда және әлемде қандай мереке болады: 26 қараша
26 қараша күні қандай оқиға болады?
Бұл күннің несімен есте қалғанын
Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.
26 қарашада қандай қызықты оқиға болды
Бүгін әлем жұрты халықаралық ақпарат күнін атап өтіп жатыр. Қолында ақпарат бар адам әлемді басқарады! Бұл дана сөздерді танымал магнат Натан Ротшильд айтқан-ды. Оның астарында үлкен мән жатыр, мұнымен ешкім таласпайтыны сөзсіз. Расымен де, тиімді ақпараттың арқасында соғысты тоқтатып, табиғи апатқа дайындалып, ірі жол апатының алдын алуға болады. Бұл күн күнтізбеге алғаш 1994 жылы енгізілді.
Сондай-ақ, бүгін халықаралық етікшілер күні. Аяқ киім таңдау — өте маңызды әрі қызықты іс. Себебі, аяқ киім иесі туралы көп ақпарат береді. Әр кез әдемі, ыңғайлы және сапалы аяқ киім сәнде болған. Етікші болу — екінің бірінің қолынан келе бермейтін өнер. Бірнеше ғасырдан бері етікшілік шеберлерге тұрақты табыс әкеліп тұрды. Тіпті, әлемдегі ең керекті мамандықтардың бірі болды десек болады.
Мұнымен қатар, бүгін – қалыптасқан тәртіпті бұзатын күн! Яғни бүгін әдеттегі шектеулерден шығып, бір күн болса да, шын қалауыңызша әрекет ететін күн! Таңды жастықпен алысып немесе әдеттегі таңғы астың орнына балмұздақ пен торт жеуден бастауға болады. Бүгін – өз қалауыңызға ерік беретін күн!
26 қарашада әлемде болған тарихи оқиғалар
1394 жылы Сеул Кореяның астанасы болды;
1917 жылы ұлттық хоккей лигасы құрылды: "Монреаль Канадиенс", "Монреаль Уондерерс", "Оттава Сенаторс", "Квебек Бульдогс" және "Торонто Аренас";
1922 жылы британдық археолог Говард Картер мен оның экспедициясы перғауын Тутанхамонның қабіріне 3 мың жылдан астам уақыттан кейін алғаш рет кірді;
1948 жылы АҚШ-тың Бостон қаласында алғашқы Polaroid жедел фотокамерасы сатылымға шықты. Оның бағасы 89,75 доллар болды;
1965 жылы бірінші франциялық Asterix жер серігі ұшырылды;
1976 жылы жаңа Microsoft сауда маркасы тіркелді;
1979 жылы Таиф маңында Boeing 707 апатқа ұшырап, 156 адам көз жұмды.
2011 жылы NASA-ның Марсты зерттеуге арналған Curiosity ровері бар ғарыш аппараты Флорида штатындағы Канаверал мүйісінен ұшырылды. Ол Марсқа 2012 жылғы 6 тамызда қонды.
26 қарашада Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1924 жылы "Оңтүстік Қазақстан" газетінің алғашқы нөмірі жарық көрді. Басылымның негізін қалаушылардың қатарында мемлекет қайраткерлері Сұлтанбек Қожанов пен Тұрар Рысқұлов болды;
1991 жылы Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Теміртау қаласының құрметті азаматы атағы берілді;
1993 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Төле би ауданында үш жүздің басын біріктіруге үлес қосқан Төле биге арналған ескерткіш ашылды;
1997 жылы Алматы көшелерінің біріне ғалым Мүслім Базарбаевтың есімі берілді.
2005 жылы Қазақстанның танымал "Ұлытау" музыкалық тобы өзінің алғашқы "Жұмыр қылыш" альбомын шығарды;
2009 жылы Минск қаласында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко келіссөз жүргізіп, екі елдің арасында бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды;
2022 жылы Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімі өтті.
26 қарашада дүниеге келген танымал тұлғалар
1894 жылы америкалық математик, кибернетиканың негізін қалаушылардың бірі Норберт Винер дүниеге келді;
1909 жылы румын-француз драматургі, абсурд театрының көрнекті өкілі Эжен Ионеско дүниеге келді;
1922 жылы америкалық карикатурашы, "Peanuts" комиксінің авторы Чарльз Шульц дүниеге келді;
1926 жылы цирк әртісі, актриса, РСФСР халық әртісі Маргарита Назарова туды;
1931 жылы аргентиналық құқық қорғаушы, Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты Адольфо Перес Эскивель дүниеге келді;
1939 жылы америкалық әнші әрі актриса Тина Тернер туды;
1983 жылы ресейлік әнші әрі шоумен Прохор Шаляпин туды.
1990 жылы британдық әнші әрі актриса Рита Ора дүниеге келді;
1990 жылы ағылшын футболшысы Дэнни Уэлбек дүниеге келді.
26 қарашада Қазақстанда кім туды
1960 жылы бұрынғы ішкі істер министрі, әділет министрі, Маңғыстау облысының әкімі Бауыржан Мұхамеджанов дүниеге келді;
1976 жылы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев дүниеге келді;
1983 жылы кәсіпкер, бұрынғы мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров дүниеге келді.