Видео

Атырау тұрғынының үйінен 800-ден астам жалған қызметтік куәлік тәркіленді

© Photo : Ішкі істер министрлігінің ведомстволық сайты 800-ден астам жалған қызметтік куәлік
800-ден астам жалған қызметтік куәлік - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.11.2026
Жазылу
Оның 600-ден астамы Ұлттық қауіпсіздік комитетінікі болған
АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. Атырау облысында полиция қызметкерлері мемлекеттік органдардың жалған қызметтік куәліктерін дайындау және өткізу бойынша заңсыз арнаның жолын кесті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 800-ден астам жалған қызметтік куәлік және оларды дайындау үшін пайдаланылуы мүмкін жабдықтар тәркіленді.
23 қарашада полиция қызметкерлері Lexus 470 автокөлігін тоқтатқан. Онда төрт ер адам болған. Көлікті тексеру барысында сыртқы түрі тапанша макетіне ұқсас зат пен ҰҚК қызметкерінің қызметтік куәлігі табылды. Тексеру нәтижесінде құжаттың жалған екені анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Одан әрі жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері жалған құжаттарды дайындады деген күдікпен Атырау облысының 39 жастағы тұрғынын анықтаған.
Ер адамның тұрғылықты жерін тінту барысында түрлі мемлекеттік органдардың 803 жалған қызметтік куәлігі тәркіленді. Оның ішінде:
606 - ҰҚК
95 - ІІМ
47 - мемлекеттік кірістер органдары
46 - прокуратура
9 - сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің куәліктері.
Сонымен қатар ҰҚК-нің 367 эмблемасы, мөр, компьютерлік техника, принтер, қатқыл диск және жалған құжаттарды дайындау үшін пайдаланылған өзге де заттар тәркіленді.
"Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті жалған қызметтік куәліктерді сатумен айналысқан. Тоқтатылған автокөлікте болған ер адамдардың бірі одан осындай құжаттарды сатып алғаны анықталды", - дейді полицияда.
Қазіргі уақытта полиция құқыққа қайшы әрекеттің барлық мән-жайын, ықтимал сыбайластарын және жалған қызметтік куәліктерді сатып алған адамдарды анықтап жатыр.
Водительское удостоверение, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.06.2026
Абай облысында арнайы ХҚКО қызметкерлері заңсыз жүргізуші куәлігін жасауға көмектескен
Жаңалықтар
0