Адам өлтіру қылмысы 9%-ға жуық азайды

© Sputnik/Айдана ДайыроваДом в Талгаре, в котором проживали супруги Есеновы
Дом в Талгаре, в котором проживали супруги Есеновы - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.11.2026
Жазылу
Адамға қарсы құқық бұзушылықтар көбейгенімен, аса ауыр қылмыстардың саны төмендеп келеді
АЛМАТЫ, 26 қараша – Sputnik. Биыл қаңтар-қазан айларында Қазақстанда жеке адамға қарсы 14 мың қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6%-ға көп. Бұл туралы Finprom.kz хабарлады.
Жеке адамға қарсы қылмыстардың жалпы құқық бұзушылықтар санындағы үлесі 12,4%-дан 14,8%-ға дейін өскен.
"Соңғы он жылда бұл санаттағы қылмыстардың динамикасы айтарлықтай өзгерген. 2016 жылғы қаңтар-қазан айларында 12,6 мың осындай құқық бұзушылық тіркелсе, 2023 жылы көрсеткіш екі есеге жуық азайып, 6,5 мыңға дейін төмендеген. Алайда кейінгі жылдары қайта өсе бастаған", - деп жазды портал.
Бұл көрсеткішке заңнамадағы өзгерістер де әсер еткен. 2017 жылғы шілдеде ұрып-соғу және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру әкімшілік құқық бұзушылықтар санатына ауыстырылды. Ал 2024 жылғы маусымнан бастап бұл әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік қайта енгізілді.
Өңірлер бойынша биылғы қаңтар-қазан айларында жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың ең көп саны Алматы қаласында тіркелді – 1,5 мың. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,7%-ға көп. Сондай-ақ Астанада мұндай қылмыстар саны 12%-ға, Алматы облысында 10,2%-ға, Шымкентте 4,8%-ға, Түркістан облысында 3,9%-ға өскен.
Сонымен қатар 20 өңірдің 11-інде жеке адамға қарсы құқық бұзушылықтар саны азайған. Ең айтарлықтай төмендеу Ақмола облысында тіркелді – 15,7%. Мұнда қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 535-ке дейін азайған. Қарағанды облысында көрсеткіш 14,4%-ға, Қостанай облысында 13%-ға, Шығыс Қазақстан облысында 10%-ға, Жамбыл облысында 9,4%-ға, Ақтөбе облысында 9,2%-ға төмендеген.
"Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың құрылымында ең көп таралғаны – ұрып-соғу. Биыл қаңтар–қазан айларында 4,6 мың осындай жағдай тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4%-ға аз", - дейді мамандар.
Екінші орында денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактілері тұр. Есепті кезеңде 2,9 мың жағдай тіркеліп, көрсеткіш 0,8%-ға өскен.
Ал адам өлтіру қылмысы бойынша керісінше төмендеу байқалады. Биыл қаңтар-қазан айларында Қазақстанда адам өлтіру, оған дайындалу және оқталу әрекеттерін қоса есептегенде, 378 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,5%-ға аз. Былтыр осы кезеңде 413 жағдай тіркелген.
Адам өлтіруге дайындалу және оқталу әрекеттерінің саны да азайған. Биыл мұндай 70 жағдай тіркелсе, өткен жылы 95 дерек болған. Бұл 26,3%-ға төмен.
Папки с документами, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2026
Павлодар облысында 14 жыл бұрын жасалған адам өлтіру қылмысы ашылды
Жаңалықтар
0