https://sputnik.kz/20261125/zhardemaqydan-bas-tartqandardyn-tabysy-zhariyalandy-68795322.html
Жәрдемақыдан бас тартқандардың табысы жарияланды
Жәрдемақыдан бас тартқандардың табысы жарияланды
Sputnik Қазақстан
Әлеуметтік төлемдерден бас тартқандардың қатарында ай сайынғы табысы 2-3 миллион теңгеден асатын көпбалалы отбасылар да бар 25.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-25T16:29+0500
2026-11-25T16:29+0500
2026-11-25T16:31+0500
жәрдемақы
әлеуметтік төлем
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/0a/68352683_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_b8382a9f9e98c3107e1977d6ac4f6389.jpg
АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Қазақстанда әлеуметтік төлемдерден өз еркімен бас тартқандардың саны 900 адамнан асты. Олардың арасында ай сайынғы табысы бірнеше миллион теңгеге жететін отбасылар бар, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.Қазан айында eGov.kz порталы мен eGov Mobile қосымшасында "Әлеуметтік төлемдерден ерікті түрде бас тарту" цифрлық сервисі іске қосылған болатын.Ведомство мәліметінше, әлеуметтік төлемдерден көбіне тұрақты жеке кәсібі мен жоғары табысы бар, бірнеше жылжымайтын мүлік нысанына, соның ішінде элиталық тұрғын үйге және көлік құралдарына иелік ететін азаматтар бас тартады.Мұндай жағдайлар оңтүстік өңірлерде де кездеседі. Сервисті пайдаланған отбасылардың бірі жалдамалы жұмыспен қатар жеке кәсіпкерлікпен де айналысады. Олардың меншігінде бірнеше тұрғын үй мен жер учаскесі бар.Ал орталық өңірдегі тағы бір отбасы жеті адамнан, оның ішінде бес кәмелетке толмаған баладан тұрады. Отбасының ай сайынғы ресми табысы 2,3 миллион теңгеден асады. Меншігінде элиталық тұрғын үй, жер учаскелері, жеңіл автокөліктер мен коммерциялық көлік бар. Бұл отбасы да әлеуметтік төлемдерден бас тартқан.Айта кетері, әлеуметтік төлемдерден өз еркімен бас тарту азаматты болашақта мемлекеттік қолдау алу құқығынан айырмайды. Егер өмірлік жағдайы өзгеріп, материалдық ахуалы төмендесе, азамат кез келген уақытта жалпы тәртіппен жәрдемақы тағайындауға қайта өтініш бере алады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/0a/68352683_320:0:1280:720_1920x0_80_0_0_d6a7c765589256ec252aa58888bd26b7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жәрдемақы, әлеуметтік төлем
жәрдемақы, әлеуметтік төлем
Жәрдемақыдан бас тартқандардың табысы жарияланды
16:29 25.11.2026 (жаңартылды: 16:31 25.11.2026) Әлеуметтік төлемдерден бас тартқандардың қатарында ай сайынғы табысы 2-3 миллион теңгеден асатын көпбалалы отбасылар да бар
АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Қазақстанда әлеуметтік төлемдерден өз еркімен бас тартқандардың саны 900 адамнан асты. Олардың арасында ай сайынғы табысы бірнеше миллион теңгеге жететін отбасылар бар, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтына
сілтеме жасап.
Қазан айында eGov.kz порталы мен eGov Mobile қосымшасында "Әлеуметтік төлемдерден ерікті түрде бас тарту" цифрлық сервисі іске қосылған болатын.
"Содан бері әлеуметтік төлем алушылардың 900-ден астамы осы мүмкіндікті пайдаланды", – делінген министрліктің ресми хабарламасында.
Ведомство мәліметінше, әлеуметтік төлемдерден көбіне тұрақты жеке кәсібі мен жоғары табысы бар, бірнеше жылжымайтын мүлік нысанына, соның ішінде элиталық тұрғын үйге және көлік құралдарына иелік ететін азаматтар бас тартады.
"Олардың отбасылық бюджетінде мемлекеттік жәрдемақының үлесі айтарлықтай емес. Мысалы, еліміздің батыс өңіріндегі төрт кәмелетке толмаған баласы бар алты адамнан тұратын отбасының ай сайынғы ресми табысы 3,8 миллион теңгеден асады. Бұл отбасы жәрдемақыдан өз еркімен бас тартқан", – деп хабарлады министрлік мамандары.
Мұндай жағдайлар оңтүстік өңірлерде де кездеседі. Сервисті пайдаланған отбасылардың бірі жалдамалы жұмыспен қатар жеке кәсіпкерлікпен де айналысады. Олардың меншігінде бірнеше тұрғын үй мен жер учаскесі бар.
Ал орталық өңірдегі тағы бір отбасы жеті адамнан, оның ішінде бес кәмелетке толмаған баладан тұрады. Отбасының ай сайынғы ресми табысы 2,3 миллион теңгеден асады. Меншігінде элиталық тұрғын үй, жер учаскелері, жеңіл автокөліктер мен коммерциялық көлік бар. Бұл отбасы да әлеуметтік төлемдерден бас тартқан.
Айта кетері, әлеуметтік төлемдерден өз еркімен бас тарту азаматты болашақта мемлекеттік қолдау алу құқығынан айырмайды. Егер өмірлік жағдайы өзгеріп, материалдық ахуалы төмендесе, азамат кез келген уақытта жалпы тәртіппен жәрдемақы тағайындауға қайта өтініш бере алады.