"Рудың да өкілдеріне сөз тиеді": депутат үкіметке ұсыныс жолдады

© Sputnik / Санат ИмангалиевНа пленарном заседании мажилиса Динара Шукижанова официально сложила полномочия депутата
На пленарном заседании мажилиса Динара Шукижанова официально сложила полномочия депутата - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2026
Жазылу
Қазақстанда қазақ руларының атымен аталған 800-ге жуық коммерциялық және коммерциялық емес ұйым бар
АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Құрылтай депутаты Аят Сүгірбай фирмаларды ру атымен атауға тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінгі отырыста депутат өз сөзін ресми статистикадан бастады. Оған сәйкес, Қазақстанда қазақ руларының атымен аталған 800-ге жуық коммерциялық және коммерциялық емес ұйым бар. Барлығы 1996-2005 жылдар аралығында тіркелген.

"Қоғамда мұндай жағдайдың орын алуы қисынсыздау екені тайға таңба басқандай көрініп тұр. Қазақ үшін ру тарихи тамырын танудың, жеті атасын білудің, ата-баба шежіресін құрметтеудің жолы. Алайда, ру – елдік мүддеден, мемлекетшілдік идеясынан жоғары тұратын ұғым емес. Жекелеген кәсіпорындар мен коммерциялық ұйымдарға ру атауларын берудің кеңінен таралуы қоғамда рушылдық түсініктің қайта жаңғыруына әкеп соқтыруы мүмкін", - деді Сүгірбай.

Оның айтуынша, Әділетті Қазақстанда жершілдікке, жүзге бөлінушілікке орын болмауы тиіс. Себебі рушылдық тамыр жайған жерде әділ бәсекелестік әлсірейді, меритократия қағидаттары бұзылады, ортақ мүдденің орнына тар топтық мүдде алға шығады.
"Менің ойымша, заңды тұлғаларды, кәсіпорындарды нақты бір рудың атымен атаудың астарында рушылдықтың белгілері бар. Оның үстіне, сондай кәсіпорындардың қызметіне, өніміне қатысты сын-пікір айтылса, наразылық болса, бірден сол рудың да өкілдеріне сөз тиеді. Мұндай ахуал руаралық араздықты қоздыруы мүмкін", - деді депутат.
Осыған байланысты Сүгірбай үкіметке депутаттық сауал жолдап, тиісті нормативтік актілерге ру немесе жүз атауымен аталатын заңды тұлғаларды тіркеуге, қоғамдық бірлестіктер құруға нақты шектеу қоятын норма енгізуді ұсынды.
Апельсин шырыны - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2026
Қазақстанда спайкинг үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілуі мүмкін
Жаңалықтар
0