"Қазақтан досым көп": алматылық ҰОС ардагері 102 жасқа толды

© Sputnik / Айдана ДайыроваҰлы Отан соғысының ардагері Виктор Изюминков
Ұлы Отан соғысының ардагері Виктор Изюминков - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2026
Жазылу
Виктор Карпович небәрі 17 жасында майданға аттанған
АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Ұлы Отан соғысының ардагері, Алматы қаласының тұрғыны Виктор Изюминков 102 жасқа толды. Бір ғасырлық ғұмыр иесін Әуе-шабуыл күштерінің қызметкерлері құттықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Виктор Карпович небәрі 17 жасында майданға аттанған. Переметное ауылында орта мектепті бітіре салып, ағасы Георгиймен бірге соғысқа кетеді. Көп ұзамай інісі Николай да әскер қатарына алынады.
Виктор Карпович әскери байланыс ісін үйрену үшін сол кезде Орал қаласында орналасқан Ленинград байланыс училищесіне жіберілді. Соғыстың екінші жылында оқуын толық аяқтамай жатып, Виктор Карпович әуе-десанттық әскерлеріне ауыстырылады.
Ол Мәскеу облысы, Ступино қаласында орналасқан 17-ші гвардиялық әуе-десанттық бригадасына жіберіледі. Кейінірек бұл бөлім 106-шы гвардиялық атқыштар дивизиясының 355-ші гвардиялық атқыштар полкі болып қайта құрылып, алғашқы ұрысын Будапешт маңында бастайды.
© Sputnik / Айдана ДайыроваҰлы Отан соғысының ардагері Виктор Изюминков
Ұлы Отан соғысының ардагері Виктор Изюминков - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2026
Ұлы Отан соғысының ардагері Виктор Изюминков
"Бала күніміз өте ауыр болды. Бірде ауыл баласы өзеннен шортан аулап алды. Міне, біз үшін сенсация деген сол болды. Ал әскер қатарына алынғанда тәртіп өте қатал болды. Бізді шымыр етті, болаттай тәртіптке үйретті", - дейді Виктор Изюмников.
Виктор Карпович Венгрия мен Австрия жерлерінде шайқасқан. Ол Вена қаласын алуға қатысып, кейін сол кездегі Чехословакия шекарасына жетеді және сол жерде Зноймо қаласына жасалған шабуылда ерлік көрсетеді. Соғыс аяқталған кезде ол аға сержант шеніне ие болып, радиостанция командирі қызметін атқарған. Ардагер "Отан соғысы" орденімен (II дәрежелі) және "Жауынгерлік еңбегі үшін" медалімен марапатталады.
Өкінішке қарай, Виктормен бірге майданға аттанған ағасы мен інісі Отанын қорғау жолында қаза тапты. Виктор Карпович әскери марапаттан бас тартқан кезі де болған. Айтуынша, ең бастысы соғыс бітті, қалған атақ, даңқ маңызды емес деген.
Әскери қызметтен кейін Виктор Карпович өмірін агрономдық салаға арнаған. Адал еңбек етіп, еліне қызмет еткен.
"Әуе-десанттық әскерлерде алған оқу-жаттығу, тәжірибем күні бүгінге дейін менімен бірге келеді. Олардан алған тәлімім үшін алғыс білдіре отырып, әуе-десанттық әскерлерінің алдында тағы да басымды иемін", - дейді ардагер.
Виктор Карповичтің есте сақтау қаблеті әлі де жоғары. Ол сонау жылдары парашюттен қалай секіріп, қандай қызықтар болғанын айтып отыр.
© Sputnik / Айдана ДайыроваҰлы Отан соғысының ардагері Виктор Изюминков
Ұлы Отан соғысының ардагері Виктор Изюминков - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2026
Ұлы Отан соғысының ардагері Виктор Изюминков
"Парашюттен алғаш секірерде бәріміз қорықтық. Артымыздан бір теуіп ұшырып жіберді. Қызықты сәттер көп болды. Парашюттен жерге қонудың да өзіндік әдіс-тәсілі бар, бір рет тіпті сиырдың үстіне құлап түскен кезім болды", - дейді ҰОС ардагері.
Виктор Изюмников Қазақстанның болашағы туралы да айтты.
"Қазақстан бейбіт ел, біздің Отанымыз. Бұл елден кеткен талай танысым қайтып келгісі келеді, келгендері де қаншама. Сенсеңіз, менің өз ұлтымнан көрі қазақтан досым көп. Үлкен қазаннан ас пісіріп, бәрімізге теңдей етіп таратқан ақ орамалды қазақ әжей әлі күнге көз алдымда", - дейді Ұлы Отан соғысының ардагері Виктор Изюмников.
Ғасыр иесін 102 жасымен әуе қорғаныс күштерінің қызметкерлері құттықтады. Қарт десантшының туған күніне орай арнайы мереке де ұйымдастырған.
Ардагер - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.02.2026
Қазақстанда 76 мыңнан астам ардагер бар
Жаңалықтар
0