Қазақ ғалымдары панкреатин өндіру технологиясын әзірледі

© Photo : Пресс-служба Министерства сельского хозяйства КазахстанаҚазақ ғалымдары панкреатин өндіру технологиясын әзірледі
Қазақ ғалымдары панкреатин өндіру технологиясын әзірледі - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2026
Жазылу
Жаңа технология отандық шикізаттан панкреатин өндіруге, импортқа тәуелділікті азайтуға және мал шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге мүмкіндік береді
АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Қазақстандық ғалымдар мал шаруашылығы шикізатынан панкреатин алу технологиясын әзірледі, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
"Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институтының" ғалымдары жануарлардан алынатын шикізаттан панкреатин шығару технологиясын әзірледі. Жаңа әзірлеме елімізде шикізатты терең өңдеу мүмкіндіктерін кеңейтіп, сұранысқа ие ферменттік препараттар өндірісін дамытуға негіз болады", - деп жазылған хабарламада.
Ғылыми әзірлеме ферменттік препараттар өндірісінің отандық технологиялық негізін қалыптастыруға, импорттық өнімдерге тәуелділікті төмендетуге және мал шаруашылығы саласының ресурстарын барынша тиімді пайдалануға бағытталған.
© Photo : Пресс-служба Министерства сельского хозяйства КазахстанаҚазақ ғалымдары панкреатин өндіру технологиясын әзірледі
Казахстанские ученые разработали технологию получения панкреатина из животноводческого сырья - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2026
Қазақ ғалымдары панкреатин өндіру технологиясын әзірледі
Әзірлеменің басым бағыттарының бірі - ет өңдеу өнеркәсібінің қайталама шикізат ресурстарын пайдалану. Атап айтқанда, тиісті технологиялық өңдеуден өткізілген жағдайда, жануарлардан алынған мұндай шикізат жоғары қосылған құны бар өнім өндіруге жол ашады.
"Осылайша, жаңа технология бір мезгілде бірнеше маңызды міндетті шешуге бағытталған. Атап айтқанда, отандық шикізатты терең өңдеу мүмкіндіктерін кеңейтуге, ферменттік өнімдер өндірісін дамытуға және ет өңдеу кәсіпорындары үшін қосымша экономикалық мүмкіндіктер қалыптастырады", - дейді мамандар.
© Photo : Пресс-служба Министерства сельского хозяйства КазахстанаҚазақ ғалымдары панкреатин өндіру технологиясын әзірледі
Казахстанские ученые разработали технологию получения панкреатина из животноводческого сырья - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2026
Қазақ ғалымдары панкреатин өндіру технологиясын әзірледі
Келесі кезеңде технологияны өнеркәсіптік өндіріс талаптарына сәйкестендіру, оны ауқымды өндіріске енгізу мүмкіндіктерін пысықтау және әзірлемені коммерцияландыру перспективаларын бағалау жоспарланып отыр.
Панкреатин - амилаза, липаза және протеазалардан тұратын ас қорыту ферменттерінің кешені. Бұл ферменттер көмірсулардың, майлар мен ақуыздардың ыдырау процесіне қатысады. Панкреатин фармацевтика өнеркәсібінде кеңінен қолданылады. Сонымен қатар оның құрамындағы ферменттер тағам технологиялары мен биотехнология салаларында да жоғары сұранысқа ие.
Отандық ғалымдар алма ағашының қорғанысын 92%-ға дейін арттыратын препарат әзірледі - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.10.2026
Отандық ғалымдар алма ағашының қорғанысын 92%-ға дейін арттыратын препарат әзірледі
Жаңалықтар
0