Мектептер қашықтан оқыту форматына ауыспайды – Сархат Бейсенова

© Sputnik / Болат ШайхиновВыпускники школы №77 города Астаны
Выпускники школы №77 города Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2026
Жазылу
Қазіргі уақытта ЖРВИ-мен ауырған оқушылардың үлесі 20 пайыздан асатын сыныптар жоқ
АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Қазақстанда ЖРВИ мен тұмауға қатысты эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Қазіргі уақытта мектептерде шектеу шараларын енгізуге негіз жоқ. Бұл туралы бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Сархат Бейсенова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Оның айтуынша Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі ЖРВИ мен тұмау ауруларының маусымдық өсуіне дайын.
"Қыркүйек айының басынан бері елде ЖРВИ-ді шамамен 1,5 миллион адам жұқтырды. Соңғы аптада 133 мыңнан астам адам ауырған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,7 есе аз", – деді Бейсенова.

Екі миллионнан астам қазақстандық тұмауға қарсы екпе алды

Тұмаудың алдын алу үшін биылғы эпидемиологиялық маусымға 2,2 миллион доза вакцина сатып алынған. Қазіргі уақытта екі миллионнан астам қазақстандық тұмауға қарсы вакцина алған. Егу науқаны 1 желтоқсанға дейін жалғасады.

"Қазіргі уақытта еліміздің мектептерінде ЖРВИ-мен ауырған оқушылардың үлесі 20 пайыздан асатын сыныптар жоқ. Сондықтан оқушыларды қашықтан оқыту форматына ауыстыруға немесе кабинетсіз оқыту жүйесін енгізуге негіз жоқ", – деп толықтырды санитариялық дәрігер.

Мектептер мен балабақшаларда балалардың сабаққа қатысуына күнделікті мониторинг жүргізіліп, таңертеңгі сүзгі ұйымдастырылған.
Барлық өңірде инфекциялық төсек-орын қорын қосымша ашу жоспары әзірленген. Егер төсек қорының жүктемесі 85%-ға жетсе, науқастарды ауруханаға жатқызуға арналған орындар саны жедел түрде арттырылады.

Коронавирус бойынша жағдай тұрақты

Жыл басынан бері 381 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6 есе аз. Өлім-жітім тіркелген жоқ.
Коронавирустың айналымдағы нұсқаларына зертханалық мониторинг жүргізу жалғасып жатыр.
Термометр - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2026
Елдегі тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай маусымдық деңгейге сәйкес келеді - министрлік
Жаңалықтар
0