Видео

Медициналық жабдықтар сатып алу кезінде бюджет қаражатын жымқырған бас дәрігер сотталды

© AFP 2024 / MIGUEL SCHINCARIOLЖансақтау палатасы
Жансақтау палатасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2026
Жазылу
Қылмыстық жолмен алынған қаражаттың бір бөлігі жылжымайтын мүлік сатып алу және оны туысының атына рәсімдеу арқылы заңдастырылған
АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Түркістан облысы Қазығұрт аудандық орталық ауруханасына медициналық жабдық сатып алу кезінде бюджет қаражатын жымқыру бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.
Тергеу барысында аурухананың бұрынғы бас дәрігері мен кәсіпкер реанимациядағы науқастарға медициналық көмек көрсету үшін қажетті оттегімен жабдықтау жүйесін сатып алуға бөлінген қаражатты жымқыру схемасын ұйымдастырғаны анықталды.
"Аталған схеманы іске асыру үшін бірыңғай медициналық кешен бірнеше бөлек тауарға бөлініп, оларды сатып алу өздеріне бағынышты компаниялар арқылы нарықтық бағадан жоғары құнмен рәсімделген", - деп жазылған хабарламада.
Алайда іс жүзінде жабдықты жеткізіп, орнату жұмыстарын басқа ұйым жүзеге асырған. Нәтижесінде мемлекетке 117 млн теңге көлемінде залал келтірілген.
Қылмыстық жолмен алынған қаражаттың бір бөлігі жылжымайтын мүлік сатып алу және оны туысының атына рәсімдеу арқылы заңдастырылған.
Сот үкімімен аурухананың бұрынғы бас дәрігері 8 жылға, ал кәсіпкер 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар мемлекет кірісіне елордадағы пәтер мен екі автокөлік тәркіленді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2026
Басшының ЭЦҚ-сын пайдаланған: Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 29 млн теңге жымқырған
Жаңалықтар
0