Бүгін Қазақстанда және әлемде қандай мереке болады: 25 қараша

© Sputnik / Владислав Воднев Күнтізбе - 25 қараша
 Күнтізбе - 25 қараша - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2026
Жазылу
25 қараша күні не болды?
Бұл күннің несімен ерекше екенін Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

25 қараша күні қандай қызықты оқиғалар болды

Бүгін әлемде қандай мереке аталып өтіп жатқанын көптеген әйел біледі. Бұл мерекені нәзік жандар 1981 жылдан бастап атап өтіп келеді. 1999 жылы 17 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы әйелдерге зорлық-зомбылық көрсетуді тоқтату күнін әлемдік күнтізбеге енгізді. Күнтізбеде бұл ерекше күннің пайда болуына 1961 жылы Доминикана Республикасында болған жағдай тікелей әсер етті. Диктатор Рафаэль Трухильоның бұйрығымен үш саяси белсенді апалы-сіңілі өлім жазасына кесілді. Сол уақыттан бері ақ мата ана болудың, әйелдерге зорлық-зомбылық көрсетуге қарсылықтың символына айналды.
Күздің бұл күнінде тағы бір қызықты мереке бар. Ол — жан-жаққа қарау күні. Назар аударыңыздар, құрметті қауым! Бәлкім қызықты немесе маңызды бір нәрсені жіберіп алып жатқан шығарсыз?! Жаныңызда болашақ жарыңыз жүрген болса ше? Қалай болғанда да, айналаңызға зер салған кезде тағдырдың белгілерін жіберіп алмаңыз.

25 қарашада әлемде болған тарихи оқиғалар

1667 жылы Шемахта болған жер сілкінісінен 80 000 адам көз жұмды;
1783 жылы Ұлыбританияның соңғы әскери жасақтары Нью-Йорк қаласынан шығарылып, АҚШ-тағы британдық әскери билік аяқталды;
1867 жылы Альфред Нобель динамитті патенттеді;
1936 жылы Германия мен Жапония Коминтернге қарсы келісімге қол қойды;
1940 жылы Уолтер Ланцтың мультфильмінде алғаш рет кейіпкер Вуди Вудпекер пайда болды;
1952 жылы Лондонда жазушы Агата Кристидің "Тышқан қақпаны" ("The Mousetrap") пьесасының премьерасы өтті;
1975 жылы Суринам Нидерланд Корольдігінен тәуелсіздігін жариялады.

25 қарашада Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1916 жылы Семейде ағартушылық-демократиялық бағыттағы бірінші "Алаш" газеті жарыққа шықты;
1926 жылы БКП(б) Орталық комитеті Саяси бюросы "Түркістан–Сібір темір жолы құрылысы туралы" қаулы қабылдады;
2000 жылы Қызылордада Мұхтар Әуезовке ескерткіш қойылды;
2006 жылы Алматыда Қазақстан ғалымдары одағының тұңғыш құрылтайы өтті. Жиынға 350 делегат қатысты.
2009 жылы "Ақпараттық және ғарыштық технологияларды ұжым болып пайдалану" ұлттық ғылыми зертханасы құрылды.

25 қараша әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1562 жылы испан драматургі, ақын-жазушы Лопе де Вега туды;
1835 жылы шотланд-америкалық кәсіпкер, өнеркәсіп магнаты әрі меценат Эндрю Карнеги дүниеге келді. Ол АҚШ-тағы болат өнеркәсібінің дамуына зор үлес қосқан;
1844 жылы неміс өнертапқышы, автомобиль жасаудың негізін қалаушылардың бірі Карл Бенц дүниеге келді;
1881 жылы Рим Папасы Иоанн XXIII дүниеге келді. Ол 1958–1963 жылдары Католик шіркеуін басқарды;
1914 жылы америкалық бейсболшы Джо Ди Маджо дүниеге келді. Ол бейсбол тарихындағы мықты ойыншылардың бірі. Мэрилин Монроның екінші күйеуі;
1925 жылы КСРО-ның халық әртісі Нонна Мордюкова дүниеге келді;
1936 жылы театр және кино актрисасы Ольга Бган өмірге келді. Ол "Адам туды" фильмінде Надя Смирнованың рөлін сомдаған болатын.
1971 жылы америкалық актриса Кристина Эпплгейт дүниеге келді. Ол "Балалармен үйленген" телехикаясы арқылы танымал болды.

25 қарашада Қазақстанда кімдер дүниеге келді

1885 жылы Алаш орда үкіметінің басшыларының бірі, қазақ ақыны, жазушы, ағартушы-педагог Міржақып Дулатұлы өмірге келді;
1908 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми қайраткері, профессор Әлихан Мусин өмірге келді;
1920 жылы қазақ тіл білімінің көрнекті ғалымы, филология ғылымдарының докторы, профессор Моисей Копыленко дүниеге келді.
1925 жылы сазгер, Қазақстан Республикасы сазгерлер одағының мүшесі Әбілахат Есбаев дүниеге келді;
1934 жылы ғалым, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, техника ғылымының докторы, профессор, Ноян Бәйтенов дүние есігін ашты;
1949 жылы ҚР ұлттық ғылым академиясының Жер туралы ғылым бөлімінің құрметті академигі және төрағасы, ҚР ұлттық инженерлік академиясының академигі Жексенбек Әділов өмірге келді.
 Күнтізбе - 24 қараша - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2026
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 24 қараша
Жаңалықтар
0