Атырауда мұнай компаниясына 3 млрд теңгеден астам айыппұл салынды

© Photo : Пресс-служба АО "НК "КазМунайГаз"Бұрғылау жұмыстары
Бұрғылау жұмыстары - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2026
Жазылу
Қазір айыппұл мәжбүрлеп өндіріліп жатыр
АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. "ЖАН и КС" мұнай компаниясына 3 млрд теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды Атырау облыстық прокуратурасы.
Мұнай компаниясы ұңғымаларды бұрғылау кезінде бұрғылау шламы мен пайдаланылған бұрғылау ерітіндісін заңсыз жинақтаған.
"Осы үшін оған ӘҚБтК-нің 328-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылық қолданылды. Компания айыппұлға соттарда шағымданбақ болды, бірақ шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылды, қаулы заңды күшіне енді", - дейді прокуратура.
Қазір айыппұл мәжбүрлеп өндіріліп жатыр – сот орындаушылары Атырау бюджетіне 490 млн теңгеден астам қаражат аударды.
Берешектің қалған бөлігі прокуратураның қатаң бақылауында.
Айта кетері, бұрын экологиялық айыппұлдардан түскен қаражат республикалық бюджетке аударылатын, қазір олар облыстық бюджетте қалады.
Медикаменты. Архивное фото - рекадр - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2026
Антибиотикті рецептісіз сатқан дәріханаларға 8,2 млн теңге айыппұл салынды
Жаңалықтар
0