https://sputnik.kz/20261124/zher-qoynauyn-paydalanushylar-ondiruge-zhumsalgan-shygynnyn-1-yn-tsifrlandyruga-bagyttaydy-68768084.html
Жер қойнауын пайдаланушылар өндіруге жұмсалған шығынның 1%-ын цифрландыруға бағыттайды
Жер қойнауын пайдаланушылар өндіруге жұмсалған шығынның 1%-ын цифрландыруға бағыттайды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Қазақстанның Энергетика министрлігі мен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі бірлескен бұйрыққа қол қойды. 24.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-24T22:15+0500
2026-11-24T22:15+0500
2026-11-24T22:15+0500
цифрландыру
цифрлы қазақстан
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/18/68762152_0:0:1281:720_1920x0_80_0_0_4d42c176f7ecbf439b719620aae47bc8.jpg
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Қазақстанның Энергетика министрлігі мен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі бірлескен бұйрыққа қол қойды.Құжатпен көмірсутек саласындағы цифрландыру жобаларын қаржыландыру қағидалары бекітілді. Қаржыландыру мөлшері жер қойнауын пайдаланушының өткен жылдың қорытындысы бойынша өндіруге жұмсаған шығындарының 1%-ын құрайды.2026 жылғы 22 қарашадан бастап жер қойнауын пайдаланушылар қаражатты бұрын міндетті болған ғылыми-зерттеу жұмыстары мен жаңа цифрландыру жобалары арасында өз бетінше бөле алады.Жаңа тетіктің операторы Astana Hub болады. Кластер технологиялық міндеттерді қарастырудан және орындаушыларды іріктеуді ұйымдастырудан бастап, келісімшарт жасасу мен жобаларды іске асыруға дейінгі барлық негізгі кезеңде сүйемелдеу көрсетеді. Қажетті шешімдерді іріктеуге отандық IT-компаниялар мен салалық сарапшылар тартылады.Кәсіпорындармен өзара іс-қимыл Ұлттық инновациялық жүйенің "Бірыңғай терезесі" арқылы электронды форматта жүргізіледі. Жер қойнауын пайдаланушылар цифрландыру жобаларын іске асыруға арналған техникалық тапсырмасымен бірге өтінім бере алады.Өтінімдерді Энергетика министрлігі жанындағы ғылыми-техникалық кеңес қарайды. Одан кейін Astana Hub Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Энергетика министрлігі өкілдерінің қатысуымен сараптама жүргізеді. Содан соң Astana Hub инновациялық кластеріне қатысушылар арасынан конкурстық негізде орындаушылар іріктеліп, келісімшарттар жасалады және жобаларды іске асыру басталады.Жаңа тәртіп мұнай-газ компанияларына қолданыстағы міндеттемелер аясында өндірісті цифрландыруды қаржыландыруға мүмкіндік береді. Ал қазақстандық IT-компаниялар жобаларды орындаушы ретінде қатысып, өз шешімдерін өнеркәсіптік кәсіпорындарға енгізе алады, деп атап өтті Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.
https://sputnik.kz/20260923/zhyl-sonyna-deyin-zher-qoynauyn-paydalanuga-arnalgan-112-uchaske-auktsionga-shygarylady-66915940.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/18/68762152_62:0:1023:720_1920x0_80_0_0_54fd85f1b1404a9e52fa0f3f2463e4ed.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
цифрландыру, цифрлы қазақстан
цифрландыру, цифрлы қазақстан
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Қазақстанның Энергетика министрлігі мен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі бірлескен бұйрыққа қол қойды.
Құжатпен көмірсутек саласындағы цифрландыру жобаларын қаржыландыру қағидалары бекітілді. Қаржыландыру мөлшері жер қойнауын пайдаланушының өткен жылдың қорытындысы бойынша өндіруге жұмсаған шығындарының 1%-ын құрайды.
2026 жылғы 22 қарашадан бастап жер қойнауын пайдаланушылар қаражатты бұрын міндетті болған ғылыми-зерттеу жұмыстары мен жаңа цифрландыру жобалары арасында өз бетінше бөле алады.
"Жаңа тетік кәсіпорындарға өндірістің нақты қажеттіліктеріне сай келетін цифрлық технологияларды енгізу үшін міндетті аударымдарды пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл саланы жаңғыртуға, оның тиімділігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздігін арттыруға қосымша жағдай жасайды. Сонымен қатар отандық IT-шешімдерге сұраныс қалыптасып, жер қойнауын пайдаланушылар мен қазақстандық әзірлеушілер арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері кеңейеді", – деді жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ғиззат Байтұрсынов.
Жаңа тетіктің операторы Astana Hub болады. Кластер технологиялық міндеттерді қарастырудан және орындаушыларды іріктеуді ұйымдастырудан бастап, келісімшарт жасасу мен жобаларды іске асыруға дейінгі барлық негізгі кезеңде сүйемелдеу көрсетеді. Қажетті шешімдерді іріктеуге отандық IT-компаниялар мен салалық сарапшылар тартылады.
"Astana Hub мұнай-газ кәсіпорындары мен қазақстандық IT-компаниялар арасындағы дәнекер болады. Жаңа тетік аясында нақты өндірістік міндеттерге арналған отандық технологиялық шешімдер іріктеліп, оларды енгізу жұмыстары сүйемелденеді. Бұл салада цифрлық технологияларды қолдануды кеңейтіп, Қазақстанның IT-нарығын дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады", – деді Astana Hub бас директоры Мағжан Мадиев.
Кәсіпорындармен өзара іс-қимыл Ұлттық инновациялық жүйенің "Бірыңғай терезесі" арқылы электронды форматта жүргізіледі. Жер қойнауын пайдаланушылар цифрландыру жобаларын іске асыруға арналған техникалық тапсырмасымен бірге өтінім бере алады.
Өтінімдерді Энергетика министрлігі жанындағы ғылыми-техникалық кеңес қарайды. Одан кейін Astana Hub Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Энергетика министрлігі өкілдерінің қатысуымен сараптама жүргізеді. Содан соң Astana Hub инновациялық кластеріне қатысушылар арасынан конкурстық негізде орындаушылар іріктеліп, келісімшарттар жасалады және жобаларды іске асыру басталады.
Жаңа тәртіп мұнай-газ компанияларына қолданыстағы міндеттемелер аясында өндірісті цифрландыруды қаржыландыруға мүмкіндік береді. Ал қазақстандық IT-компаниялар жобаларды орындаушы ретінде қатысып, өз шешімдерін өнеркәсіптік кәсіпорындарға енгізе алады, деп атап өтті Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.