Үш айда есірткі жеткізуге арналған 8 халықаралық арна жойылды - ҰҚК

© Photo : Пресс-служба департамента полиции Северо-Казахстанской области Марихуана
Марихуана - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2026
Жазылу
Сонымен қатар 11 өңірлік арнаның жолы кесіліп, 5 жасырын зертхананың әрекеті тоқтатылды
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы күрес бағытында жүргізілген жұмыстардың нәтижесін жариялады.
"2026 жылғы тамыздан қазан айына дейін есірткі жеткізудің 8 халықаралық және 11 өңірлік арнасының жолы кесіліп, 5 жасырын зертхананың әрекеті тоқтатылды. Шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл аясында 8 халықаралық есірткіге қарсы операция жүргізілді", - деп жазылған хабарламада.
Нәтижесінде, 1,3 тоннадан астам есірткі тәркіленіп, оның ішінде 11,1 кг апиын, 14,2 кг гашиш, 404,6 кг марихуана, 320,6 кг сора бұталары, 18,4 кг синтетикалық есірткі, сондай-ақ 525 кг синтетикалық опиоид, күшті әсер ететін заттардың 2 650 таблеткасы және 2,6 тонна прекурсор бар.
Аталған құқық бұзушылықтарды жасады деген күдікпен Қазақстанның 40 азаматы және 5 шетелдік ұсталды, дейді комитетте.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Новый международный терминал аэропорта Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2026
Әуежайда Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен әкелінген есірткі тәркіленді – ҰҚК
Жаңалықтар
0