https://sputnik.kz/20261124/qazaqtyn-tungysh-antropology-orazaq-smagulov-dunieden-otti-68733800.html
Қазақтың тұңғыш антропологы Оразақ Смағұлов дүниеден өтті
Қазақтың тұңғыш антропологы Оразақ Смағұлов дүниеден өтті
Sputnik Қазақстан
Ғалымның зерттеулері қазақ халқының этногенезі мен этникалық тарихына арналған 24.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-24T12:23+0500
2026-11-24T12:23+0500
2026-11-24T12:25+0500
ғалым
көңіл айту
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/18/68735117_0:34:1393:818_1920x0_80_0_0_2e84f36b6c49f8fa229873b8ef7f88ec.jpg
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Қазақтың тұңғыш антропологы Оразақ Смағұлов 96 жасында дүниеден өткені туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.Қазақ антропология мектебінің негізін қалаушы, аса көрнекті ғалым Оразақ Смағұлов бар ғұмырын халқының арғы тегін, түп-тұқиянын зерттеуге арнап, отандық ғылым саласының дамуына өлшеусіз еңбек сіңірген тұлға, дейді министрлікте.Қазақтан шыққан тұңғыш антропологОразақ Смағұлов 1930 жылғы 1 қазанда Қостанай облысы, Меңдіқара ауданында дүниеге келген.Ол - кеңестік және қазақстандық ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш антрополог, Қазақстандағы антропология ғылыми мектебінің негізін қалаушы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері.Оразақ Смағұлов ғылыми мансабында 30-дан астам экспедиция ұйымдастырды және басқарған. Ғалымның зерттеулері қазақ халқының этногенезі мен этникалық тарихына арналған. Ол түрлі зерттеулер жүргізіп, қазақтар генофондының біртұтастығын және 4 мың жылдық тарихын ғылыми негізде дәлелдеген.
https://sputnik.kz/20260420/mukhtar-shakhanov-dunieden-ozdy-62794246.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/18/68735117_0:42:1393:1087_1920x0_80_0_0_8e811b1a966528d22f5fad8dc49de5d7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ғалым, көңіл айту
Қазақтың тұңғыш антропологы Оразақ Смағұлов дүниеден өтті
12:23 24.11.2026 (жаңартылды: 12:25 24.11.2026) Ғалымның зерттеулері қазақ халқының этногенезі мен этникалық тарихына арналған
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Қазақтың тұңғыш антропологы Оразақ Смағұлов 96 жасында дүниеден өткені туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.
Қазақ антропология мектебінің негізін қалаушы, аса көрнекті ғалым Оразақ Смағұлов бар ғұмырын халқының арғы тегін, түп-тұқиянын зерттеуге арнап, отандық ғылым саласының дамуына өлшеусіз еңбек сіңірген тұлға, дейді министрлікте.
"Ол еліміздегі тұңғыш этникалық антропология зертханасын ашып, соңынан ерген шәкірттерімен бірге тұтас бір ғылыми мектеп қалыптастырды. Ғалымның еңбектері халқымыздың тарихи болмысын, этногенезін және ғасырлар бойы қалыптасқан антропологиялық ерекшеліктерін терең зерделеуге жол ашты", - деп жазылған министрлік хабарламасында.
Қазақтан шыққан тұңғыш антрополог
Оразақ Смағұлов 1930 жылғы 1 қазанда Қостанай облысы, Меңдіқара ауданында дүниеге келген.
Ол - кеңестік және қазақстандық ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш антрополог, Қазақстандағы антропология ғылыми мектебінің негізін қалаушы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері.
Оразақ Смағұлов ғылыми мансабында 30-дан астам экспедиция ұйымдастырды және басқарған. Ғалымның зерттеулері қазақ халқының этногенезі мен этникалық тарихына арналған. Ол түрлі зерттеулер жүргізіп, қазақтар генофондының біртұтастығын және 4 мың жылдық тарихын ғылыми негізде дәлелдеген.