https://sputnik.kz/20261124/mugalimder-basshylyq-pen-ata-anaga-qupiya-shagymdana-alatyn-ortalyq-iske-qosyldy-68733401.html
Мұғалімдер басшылық пен ата-анаға құпия шағымдана алатын орталық іске қосылды
Мұғалімдер басшылық пен ата-анаға құпия шағымдана алатын орталық іске қосылды
Sputnik Қазақстан
Осы және келесі аптада байланыс орталығы сынақ режимінде жұмыс жасайды 24.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-24T11:39+0500
2026-11-24T11:39+0500
2026-11-24T11:40+0500
министрлік
мұғалім
шағым
https://sputnik.kz/img/07ea/02/11/61223581_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_aa4453ef89dcb122c3eb2a155bdea966.jpg
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Қазақстанда педагогтерді қолдау орталығы іске қосылды, деп хабарлады оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова.Қолдау орталығы "Ұстаз" платформасының жанынан "1472" нөмірі бойынша іске қосылып отыр.Ведомство басшысы министрлік осы тәртіпті өзгертуді алдына міндет етіп отырғанын айтты."Өтініштер педагогтердің құқықтары мен құпиялылық талаптарын сақтап отырып қабылданады. Осы және келесі аптада байланыс орталығы сынақ режимінде, техникалық режимде жұмыс жасайды. Осы уақыт ішінде өтініштерді қабылдау және қарау тәртібін тексеріп, анықталған техникалық ақауларды жедел түзететін боламыз", - деді Сүлейменова.Орталық үш деңгей бойынша жұмыс істейді:
https://sputnik.kz/20261029/ministrlik-pedagogter-toltyruy-mindetti-quzhattar-sanyn-5-ke-deyin-azaytuy-mumkin-68054553.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/02/11/61223581_0:0:1137:853_1920x0_80_0_0_b0eada85de767aebfd28102d7dd80f98.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
министрлік, мұғалім, шағым
министрлік, мұғалім, шағым
Мұғалімдер басшылық пен ата-анаға құпия шағымдана алатын орталық іске қосылды
11:39 24.11.2026 (жаңартылды: 11:40 24.11.2026) Осы және келесі аптада байланыс орталығы сынақ режимінде жұмыс жасайды
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Қазақстанда педагогтерді қолдау орталығы іске қосылды, деп хабарлады оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова.
Қолдау орталығы "Ұстаз" платформасының жанынан "1472" нөмірі бойынша іске қосылып отыр.
"Педагогтердің күнделікті жұмысында жедел шешуді қажет ететін түрлі сұрақтар және көптеген мәселелер бар. Олардың қатарында еңбек қатынастары мен еңбек жағдайын, жалақы мен қосымша төлемдердің есептелуі, әдістемелік қолдау, басшылар немесе ата-аналармен келіспеушіліктерге байланысты көптеген сұрақтар және осы сұрақтардың шешімі бар. Кейде педагогтер өтінішіне жауап алу үшін айлап күтуге, қайта-қайта сұрау салуға немесе түрлі мекемелерге жүгінуге мәжбүр болады", - дейді министр.
Ведомство басшысы министрлік осы тәртіпті өзгертуді алдына міндет етіп отырғанын айтты.
"Өтініштер педагогтердің құқықтары мен құпиялылық талаптарын сақтап отырып қабылданады. Осы және келесі аптада байланыс орталығы сынақ режимінде, техникалық режимде жұмыс жасайды. Осы уақыт ішінде өтініштерді қабылдау және қарау тәртібін тексеріп, анықталған техникалық ақауларды жедел түзететін боламыз", - деді Сүлейменова.
Орталық үш деңгей бойынша жұмыс істейді:
️Қарапайым сұрақтарға 15 минут ішінде жауап беріледі.
️Күрделі мәселелер бір жұмыс күнінде қаралады.
️Ал басқа мемлекеттік органдардың көмегін қажет ететін мәселелерді шешуге бір айға дейін уақыт беріледі.