https://sputnik.kz/20261124/eaeo-zhane-yunido-onerkasipti-tsifrlandyru-ushin-birlesip-zhumys-isteydi-68726081.html
ЕАЭО және ЮНИДО өнеркәсіпті цифрландыру үшін бірлесіп жұмыс істейді
ЕАЭО және ЮНИДО өнеркәсіпті цифрландыру үшін бірлесіп жұмыс істейді
Sputnik Қазақстан
Еуразиялық экономикалық комиссия ЮНИДО-мен диалогқа ерекше мән береді 24.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-24T08:06+0500
2026-11-24T08:06+0500
2026-11-24T08:06+0500
өндіріс
бұұ
еаэо
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/17/68724066_0:0:1400:789_1920x0_80_0_0_06649e216208ba815216682f7a136b99.jpg
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Өнеркәсіптік даму ұйымының (ЮНИДО) Өнеркәсіптік даму кеңесінің 54-ші сессиясы аясында ЮНИДО-ның бас директоры Герд Мюллермен кездесті.Экономикалық қауымдастықтардың басшылары 2025 жылы қол қойылған ЕЭК пен ЮНИДО арасындағы ынтымақтастық туралы декларация аясында экономикалық диалогты талқылады.ЕЭК алқасының төрағасы екі ұйымның өнеркәсіпті дамытуға көзқарастары көбінесе сәйкес келетінін айтты. Ынтымақтастықтың ең перспективалы бағыттарының бірі - өнеркәсіпті цифрлық трансформациялау және жасанды интеллектті қолдану."Біз өнеркәсіптік аналитика, кәсіпорындарды цифрлық жаңғыртудағы озық тәжірибелермен бөлісу және өндірістік процестерде жасанды интеллектті қолдану саласында бірлескен жұмыстың жақсы перспективаларын көріп отырмыз. Сондықтан ЕАЭО елдерінде ортақ басымдықтарды анықтаудан нақты бастамаларды жүзеге асыруға көшу маңызды", - деді Бақытжан Сағынтаев.Келіссөздерден кейін тараптар серіктестікті одан әрі нығайту үшін жүйелі жұмыс істеуге міндеттемелерін растады.ЮНИДО - Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемесі. Ұйымның негізгі мақсаты - дамушы елдерде және өтпелі экономикасы бар елдерде өнеркәсіптік дамуды ілгерілету және жеделдету, сондай-ақ халықаралық өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамыту.
https://sputnik.kz/20261123/eaeo-dagy-tekhnikalyq-reglamentter-zhana-tartip-boyynsha-tusindiriledi-68692104.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0b/17/68724066_95:0:1307:909_1920x0_80_0_0_28a293ca49f1172131d54e6287877b03.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өндіріс, бұұ, еаэо
ЕАЭО және ЮНИДО өнеркәсіпті цифрландыру үшін бірлесіп жұмыс істейді
Еуразиялық экономикалық комиссия ЮНИДО-мен диалогқа ерекше мән береді
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Өнеркәсіптік даму ұйымының (ЮНИДО) Өнеркәсіптік даму кеңесінің 54-ші сессиясы аясында ЮНИДО-ның бас директоры Герд Мюллермен кездесті.
Экономикалық қауымдастықтардың басшылары 2025 жылы қол қойылған ЕЭК пен ЮНИДО арасындағы ынтымақтастық туралы декларация аясында экономикалық диалогты талқылады.
"Декларация ынтымақтастық үшін тұрақты негіз қалап, шағын және орта бизнесті қолдау, инновацияларды енгізу және экологиялық тұрақты технологияларды қоса алғанда, біздің бірлескен жұмысымыздың негізгі бағыттарын анықтады", - деді Бақытжан Сағынтаев.
ЕЭК алқасының төрағасы екі ұйымның өнеркәсіпті дамытуға көзқарастары көбінесе сәйкес келетінін айтты. Ынтымақтастықтың ең перспективалы бағыттарының бірі - өнеркәсіпті цифрлық трансформациялау және жасанды интеллектті қолдану.
"Біз өнеркәсіптік аналитика, кәсіпорындарды цифрлық жаңғыртудағы озық тәжірибелермен бөлісу және өндірістік процестерде жасанды интеллектті қолдану саласында бірлескен жұмыстың жақсы перспективаларын көріп отырмыз. Сондықтан ЕАЭО елдерінде ортақ басымдықтарды анықтаудан нақты бастамаларды жүзеге асыруға көшу маңызды", - деді Бақытжан Сағынтаев.
Келіссөздерден кейін тараптар серіктестікті одан әрі нығайту үшін жүйелі жұмыс істеуге міндеттемелерін растады.
ЮНИДО - Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемесі. Ұйымның негізгі мақсаты - дамушы елдерде және өтпелі экономикасы бар елдерде өнеркәсіптік дамуды ілгерілету және жеделдету, сондай-ақ халықаралық өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамыту.