Видео

Байқоңырдан "Прогресс МС-36" ұшырылды - видео

Жазылу
Бүгін "Роскосмос" компаниясының "Прогресс МС-36" ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясына аттанады
"Прогресс МС-36" Байқоңыр ғарыш айлағының 31-алаңынан ұшырылады. Ғарыш кемесін орбитаға "Союз-2.1б" зымыран-тасығышы жеткізеді.
"Жүк кемелері" халықаралық ғарыш станциясының экипажын станциядағы өмірі мен жұмысына қажетті заттармен тұрақты түрде қамтамасыз етіп отырады.
Бұл жолы "Прогресс МС-36" орбитаға 2,4 тоннадан астам жүк, оның ішінде "Теледроид", "Асептик", "Каскад" және "Орбита-МГ" эксперименттеріне арналған жабдықтарды жеткізеді.
Жаңалықтар
0