Астанадағы 6 метрлік кітап мұнарасының авторы ерекше арт-нысанның мәнін түсіндірді

© Sputnik / Санат ИмангалиевЖарқынәлі Бошаев
Жарқынәлі Бошаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2026
Жазылу
Арт-инсталляцияның қаңқасы гипсокартонға арналған металл профильдерден құрастырылған
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Астанадағы №12 мектептің мұғалімі Жарқынәлі Бошаев әріптестерімен бірге оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырудың ерекше тәсілін ойлап тапты. Олар мектептің ортасына биіктігі 6 метр болатын кітап мұнарасын орнатқан. Ерекше инсталляцияның ішкі бөлігінде айна қолданылғандықтан, мұнараның түбі мен төбесі көрінбей, шексіздік әсерін тудырады. Sputnik Қазақстан тілшісіне сұхбат берген көркем еңбек пәнінің мұғалімі арт-нысанның қалай жасалғанын айтып берді.
© Sputnik / Санат ИмангалиевАстанада мұғалім 7 мың кітаптан ерекше мұнара тұрғызды
В Астане учитель построил необычную башню из 7 тысяч книг - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2026
Астанада мұғалім 7 мың кітаптан ерекше мұнара тұрғызды

АҚШ-тағы мұнарадан екі есе биік

№12 мектеп "Кирпичный" тұрғын алабында орналасқан. Білім ордасының ұжымы "Кітап оқитын ұлт" республикалық жобасына үлес қосуды ұйғарып, кітап мұнарасын тұрғызу идеясын жүзеге асырған.
© Sputnik / Санат ИмангалиевАстана қаласындағы №12 мектеп
Школа №12 города Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2026
Астана қаласындағы №12 мектеп
"АҚШ-та осындай кітап мұнарасы Гиннестің рекордтар кітабына енген. Оның биіктігі шамамен 3,2 метр болған. Ал Чехияның Прага қаласында биіктігі 2 метрлік кітап мұнарасы тұрғызылған. Бірақ ол жерде кітаптар көлденең қаланған. Біз де осындай мұнара жасауды ұйғардық. Алайда кітаптарды тігінен орналастырдық. Соның арқасында мұнарамыздың биіктігі 6 метрге жетті", – дейді Бошаев.
© Sputnik / Санат ИмангалиевАстанада мұғалім 7 мың кітаптан ерекше мұнара тұрғызды
В Астане учитель построил необычную башню из 7 тысяч книг - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2026
Астанада мұғалім 7 мың кітаптан ерекше мұнара тұрғызды

Мұнара қалай жасалды?

Арт-инсталляцияның қаңқасы гипсокартонға арналған металл профильдерден құрастырылған. Одан кейін әр сөреге кітаптар тығыз орналастырылған. Кітаптардың барлығын ата-аналар мен оқушылар жинап берген.
"Біз бұл идеяны жүзеге асыратынымызды айтқаннан кейін ата-аналар мен балалар мектепке кітап әкеле бастады. Сөйтіп, екі жарым айдың ішінде 7 мың кітап жиналды. Ал мұнараның ішкі бөлігінің үстіңгі және астыңғы жағына айналар орнатылған. Олар шексіздік әсерін береді. Ішінен қарағанда кітап мұнарасының түбі де, төбесі де көрінбейді. Бұл – кітап оқудың шексіздігі мен білімнің шексіздігінің символы", – деп түсіндірді идея авторы.
© Sputnik / Санат ИмангалиевАстанада мұғалім 7 мың кітаптан ерекше мұнара тұрғызды
В Астане учитель построил необычную башню из 7 тысяч книг - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2026
Астанада мұғалім 7 мың кітаптан ерекше мұнара тұрғызды
Фотосуреттен мұнара орнату үшін мектептің төбесі арнайы тесілгендей көрінуі мүмкін. Алайда мұғалімнің айтуынша, ғимарат бастапқыда осындай жобамен салынған. Бос кеңістік үшінші қабатқа дейін созылып жатыр. Сондықтан кітап саны көбейсе, мұнараның биіктігін де арттыруға мүмкіндік бар.
© Sputnik / Санат Имангалиев

Астанада мұғалім 7 мың кітаптан ерекше мұнара тұрғызды

Астанада мұғалім 7 мың кітаптан ерекше мұнара тұрғызды - Sputnik Қазақстан
1/7

2/7

3/7

4/7

5/7

Астанада мұғалім 7 мың кітаптан ерекше мұнара тұрғызды

© Sputnik / Санат Имангалиев

Жарқынәлі Бошаев

Жарқынәлі Бошаев - Sputnik Қазақстан
6/7

Жарқынәлі Бошаев

© Sputnik / Санат Имангалиев

Жарқынәлі Бошаев

Жарқынәлі Бошаев - Sputnik Қазақстан
7/7

Жарқынәлі Бошаев

1/7

Астанада мұғалім 7 мың кітаптан ерекше мұнара тұрғызды

2/7

Астанада мұғалім 7 мың кітаптан ерекше мұнара тұрғызды

3/7

Астанада мұғалім 7 мың кітаптан ерекше мұнара тұрғызды

4/7

Астанада мұғалім 7 мың кітаптан ерекше мұнара тұрғызды

5/7

Астанада мұғалім 7 мың кітаптан ерекше мұнара тұрғызды

6/7

Жарқынәлі Бошаев

7/7

Жарқынәлі Бошаев

Жарқынәлі Бошаевтың айтуынша, әлеуметтік желіде арт-нысанға қатысты сын айтқандар да бар.
"Адамдар кітаптарды неге бұлай қорлайсыңдар деп жазып жатыр. Бірақ біздің басты мақсатымыз – балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын ояту. Олар мұнарадан кез келген кітапты алып оқи алады немесе мұқабасына қарап, кітапхана сөрелерінен іздеп таба алады", – дейді мұғалім.
Астанада мектеп ұстазы 7 мың кітаптан ерекше мұнара тұрғызды - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2026
Астана мектебінде 7 мың кітаптан мұнара тұрғызылды
Жаңалықтар
0