Ақтөбедегі қалалық ауруханада жұмысшы көз жұмды

© Sputnik / Владислав ВодневПолицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото
Полицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2026
Жазылу
Аурухананың техникалық нысандарының бірінде өрт шыққан
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Ақтөбе қаласындағы №1 көпбейінді қалалық ауруханада жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға 14 қарашада медициналық мекеменің оттегі сақталатын аумағында болған. Аурухананың техникалық нысандарының бірінде өрт шыққан.
"Көрсетілген медициналық көмек пен жүргізілген қарқынды терапияға қарамастан, зардап шеккен адам көз жұмды", – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін төтенше жағдайлар департаменті тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Айта кетері, Ақтөбе облысында биылғы жылдың алғашқы он айында өндірісте 57 адам жарақат алып, оның үшеуі көз жұмған.
"Жыл басынан бері 56 өндірістік жарақат оқиғасы тіркеліп, 57 адам зардап шекті. Оның 54-інің жарақаты ауыр болды, үш адам көз жұмды", – деді Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясының бөлім басшысы Қуаныш Қамиев.
Теміртауда дүкен жарылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2024
Теміртауда дүкен жарылды – адамдар үйінді астында қалып қойды
Жаңалықтар
0