https://sputnik.kz/20261124/abaev-qazaqstan-tsifrlandyru-men-zhasandy-intellektige-ayryqsha-man-berip-otyr-68771565.html
Абаев: Қазақстан цифрландыру мен жасанды интеллектіге айрықша мән беріп отыр
Абаев: Қазақстан цифрландыру мен жасанды интеллектіге айрықша мән беріп отыр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев Орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйымның (ОТХҰ) "Халықаралық ынтымақтастық және орнықты... 24.11.2026, Sputnik Қазақстан
2026-11-24T21:39+0500
2026-11-24T21:39+0500
2026-11-24T21:39+0500
дәурен абаев
https://sputnik.kz/img/07ea/09/1c/67109883_0:43:3072:1771_1920x0_80_0_0_4ac20e69f8c6d7e2fffbf974f1dc0208.jpg
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев Орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйымның (ОТХҰ) "Халықаралық ынтымақтастық және орнықты даму мақсатындағы орыс тілі" деген тақырыпта өткен сессиясында сөз сөйледі.Елші бүгінде Қазақстан цифрландыру мен жасанды интеллектіге айрықша мән беріп отырғанын атап өтті.Оның айтуынша, бизнес үшін бұл құралды меңгеру ауқымды нарықтарға жол ашып, сенімді іскерлік коммуникация орнатуға мүмкіндік береді.ОТХҰ бас хатшысы Наталья Бочарова ұйымның Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылғанын еске салды. Ұйымның жұмысы биыл көктемде басталған.Сессия барысында "ақылды қала" жобалары, инфрақұрылымды басқаруда цифрлық егіздерді пайдалану, сондай-ақ бірлескен білім беру, цифрлық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мәселелері де талқыланды.Қазіргі уақытта ОТХҰ құрамына Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан кіреді.
https://sputnik.kz/20261029/abaev-qazaqstan-tek-shikizat-zhetkizushi-el-bolyp-qalgysy-kelmeydi-68070475.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/09/1c/67109883_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_f55a49bd30be1859b20f057bda50622c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дәурен абаев
Абаев: Қазақстан цифрландыру мен жасанды интеллектіге айрықша мән беріп отыр
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев Орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйымның (ОТХҰ) "Халықаралық ынтымақтастық және орнықты даму мақсатындағы орыс тілі" деген тақырыпта өткен сессиясында сөз сөйледі.
Елші бүгінде Қазақстан цифрландыру мен жасанды интеллектіге айрықша мән беріп отырғанын атап өтті.
"Осы орайда Дәурен Абаев қарқынды өзгерістер дәуірінде орыс тілі озық технологиялардың, ғылымның және цифрлық экожүйелердің тіліне айнала отырып, дамудың тиімді құралына трансформацияланып жатқанына назар аударды", - деп жазылған елшіліктің хабарламасында.
Оның айтуынша, бизнес үшін бұл құралды меңгеру ауқымды нарықтарға жол ашып, сенімді іскерлік коммуникация орнатуға мүмкіндік береді.
ОТХҰ бас хатшысы Наталья Бочарова ұйымның Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылғанын еске салды. Ұйымның жұмысы биыл көктемде басталған.
"ОТХҰ-ның арқасында қатысушы елдер бүгіннің өзінде орыс тіліндегі 95 мың оқулыққа қол жеткізіп отыр. Олардың қатарында математика, физика және басқа да маңызды білім салалары бойынша әдебиеттер бар", – деді ол.
Сессия барысында "ақылды қала" жобалары, инфрақұрылымды басқаруда цифрлық егіздерді пайдалану, сондай-ақ бірлескен білім беру, цифрлық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мәселелері де талқыланды.
Қазіргі уақытта ОТХҰ құрамына Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан кіреді.