Экономика

Тоқаев халықтық цифрлық экономиканы дамыту туралы жарлыққа қол қойды

© Photo : Официальный сайт президента КазахстанаПрезидент Казахстана Касым-Жомарт Токаев
Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2026
Жазылу
Цифрлық дамудың пилоттық жобалары 2027 жылғы 1 сәуірге дейін жекелеген өңірлерде іске қосылады
АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Халықтық цифрлық экономиканы дамыту және азаматтар мен бизнестің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі шаралар туралы" жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорда.
Құжат:
азаматтардың табыс табу мүмкіндіктерін кеңейтуге,
цифрлық жұмыспен қамтуды дамытуға,
жасанды интеллектіні экономикалық қызметте кеңінен қолдануға бағытталған.
Жарлыққа сәйкес, үкімет 2026 жылғы 1 желтоқсанға дейін осы бағыттағы кешенді жоспарды бекітуі тиіс.
Сондай-ақ цифрлық платформалар арқылы ақылы тапсырмаларды орындау мүмкіндігін кеңейту, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған оңайлатылған салық режимін жетілдіру және отандық өндірушілердің өнімін электрондық сауда алаңдары арқылы өткізу көзделген.
Ауылдағы кәсіпкерлер мен өндірушілерді қолдау үшін өнімді жинау, сақтау, тасымалдау және өткізу тетіктері әзірленеді. Өңір әкімдіктері 2027 жылғы 15 қаңтарға дейін тиісті жоспарларды бекітуі керек.
Цифрлық дамудың пилоттық жобалары 2027 жылғы 1 сәуірге дейін жекелеген өңірлерде іске қосылады. Олардың нәтижесі бағаланып, табысты тәжірибелерді кеңейту шаралары 2027 жылғы 1 қыркүйекке дейін айқындалады.
Теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.10.2026
Отбасының цифрлық картасы бір айдан кейін банктермен интеграцияланады
Жаңалықтар
0